Қаңтар айының соңында Netflix желісінде шыққан «Біз бәріміз өлеміз» (지금 우리 학교는, 只今 우리 學校는) корей драмасында басты рөлді сомдаған актер Пак Соломон Өзбекстанда туған. Ол фильмдегі рөлінен кейін өте танымал болып кетті деп хабарлады turkystan.kz uz.sputniknews-ке сілтеме жасап.
Айта кетсек, 28 қаңтарда Netflix шығарған 12 сериялы «Біз бәріміз өлеміз» фильмі тез арада ағылшын тілінде емес 10 үздік фильмнің қатарына енген.
Фильмде ғылыми-зерттеу қателігі нәтижесінде зомбилерге толы жергілікті орта мектептердің бірі және сол жерде қамалып қалған студенттер аман қалуға тырысады.
Фильм үздік фильмдер тізіміне енген кезде көрермендер басты рөлдерді сомдаған актерлердің өміріне қызығушылық танытып, бір актердің Өзбекстанда туғанын білді. Атап айтқанда, басты рөлдердің бірін сомдаған жас актер Пак Соломон 1999 жылы 11 қарашада Өзбекстанда дүниеге келген және Wikipedia оны «корей-өзбек актері» деп сипаттайды.
Ол аз уақыт Ресейде тұрып, 5-сыныпта оқып жүргенде отбасымен Оңтүстік Кореяға көшіп кеткен. Қазір Instagram-дағы парақшасында 4 миллион оқырманы бар. Netflix фильмінен кейін жанкүйерлер оны 2022 жылдың жаңа жұлдызы деп атады.
Пак актерлік шеберлікпен қатар, жарнамалық роликтерге түсіп, модель ретінде де өнер көрсетеді.