«Көп білетіндігімнен көп зиян шектім...»

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ол жастайынан ерекше қағылез бала боп өскен. Қатарластары ойға-қырға шапқылап, қызық қуып жүргенде, бұл өз бетінше ізденіп, кітап оқып, өнер-білімге аса құштар болды. Ол ойын баласы болып көрмесе де, отбасындағы тұрмыстық қиындықтарға қарамастан еңсесін төмендетпей, жігерін жасытпады. Оның бойында кеңістікке ұмтылған бір бұла күш бар сияқты. Сөз саптасы да ересек адамдардікіндей, жүріс-тұрысы да бозбалаға тән емес, сырбаз да салмақты.
Дөңгеленген дүниеге үлкендерше қа­райтын осы бір зерек те зейінді бала өз орта­сынан тиісті орнын таба алмады. Мек­тепте оқып жүргенде-ақ озаттардың алды болып, басқа да қоғамдық мәсе­ле­лерде белсенділік танытып жүрді. Мек­теп қабырғасындағы, ауылдағы түрлі жиын­дар мен кездесулерде міндетті түрде өз ойын бүркемелемей, қашанда шын­дықтың бетін ашып айтуға дайын тұратын. Бірақ жеткіншектің аузымен айтылған ақиқат ешкімге керек емес еді. Сыныптастары оның ойларымен қанаттас бола алмады, балаға бала деп қарайтын ұстаздар қауымы мен алақандай ауылдың үлкендері де оны түсінуге аса ықылас-пейіл таныта қоймаған сыңайлы. Осылайша, қауашағында мезгілімен толық бүр жара ал­­маған ерекше қабілет тұншығып жатты. Күн өткен сайын өз ортасынан ерік­сіз оқ­шауланып бара жатқанын сезген ол оқуын аяқтамай, мектептен шығуға мәж­бүр бо­лады. Оның білімпаздығын сара­­лап қа­ра­саң, үлгерімі нашар оқушы ре­тін­­­де мек­тептен шығарылатын балаға мүл­де ұқ­са­­майды. «Ерді кебенек ішінде таны» де­ген даналыққа иек артпай, бұлақ­тың көзін аша алмаған ұстаздар талапты жас­қа обал жасаған-ақ екен. Осылайша, ту­ған ауылында жүріп, басын тауға да тасқа да ұрған ол Талдықорғанға, сосын Алматы­ға тартып кетеді. Кішкентай ауылға сыйма­ған ол миллиондар мекендеген алып қала­дан да «алтын бұрыш» таба алмай сабы­лып жүр. Біз сөз етіп отырған жас дарын – 1991 жылы Алматы облысы, Алакөл ау­да­ны, Қарлығаш ауылында дүниеге кел­ген Ербол есімді азамат.
Біздің редакцияға келіп, өзінің кө­кейін­де жүрген көп ойларын ортаға салған Ербол Алаш азаматтарынан ру­ха­ни қолдау-көмек күтетіндігін айтқан. Әңгі­ме барысында байқағанымыздай, ол, шы­нын­да да, көп білетін болып шықты. Өзінің айтуынша, көп білетіндігінен көп зиян шеккен екен. «Бір бала атаға жете туады, бір бала атадан өте туады, бір бала кейін қарай кете туады» дейді қазақ. Осының «өте туғанына» жататын Ерболды білетіндер оны, орысшалап айтқанда, «вун­деркинд» деп те атайды. Қабілеті қарымды, әдебиет пен тарихқа, жалпы ғылымға деген талпынысы зор жастың ендігі арманы – еліміздегі жоғарғы оқу орындарының бірінде білімін шыңдау. Алайда тоғызыншы сыныпты бітірген кез­дегі аттестатындағы бағалар кілең үш­­тіктен тұратындықтан, ұстаздарының берген мінездемелерінің терістігінен, со­­ны­мен қатар мектептегі оқуын аяқта­ма­­­ған­дықтан, үлкен университеттер мен институттарда білім алуға жол табу қиын-ақ. Оның үстіне, ақылы білім алуға Ербол­­дың жағдайы да келмейді. Көмек сұрап Қазақстан Журналистер одағына, Жазушылар одағына барыпты. Облыстық, республикалық басылымдарда өз ауылы­­ның проблемаларын көтерген бір­неше мақала жариялаған жас өрен қазақтың ірі қайраткер тұлғасы Мұхамед­жан Тынышбаев пен қабырғалы қалам­гер Әнуар Әлімжанов туралы зерттеу еңбек­тер жазу үстінде екен. Алаш қай­рат­керлеріне қатысты деректерді де ұқыпты жинастырып жүр екен. Қолында Президент архивіне кіруге арнайы рұқсат қағазы да бар. «Енді сол еңбектерінің бір парасын кітап етіп бастырсам» дейді. Алайда бәрі тағы қаражат мәселесіне тірелетіні белгілі. Былтыр мектептен шеттетілген тұста ол Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтен көмек сұ­рап, кеңсесіне және әкім­нің ғаламтордағы же­ке сайтына да арыз-хат түсірген екен. «Мен нағашы апамның қо­лында өстім. Ол қазір Қарлығаш ауылындағы екі бөлмелі үйде жал­ғыз өзі өмір сүруде. Өзінің денсаулығы да нашар, ал туған шешем Қазақстан ауылында бір үйде жалданып жұ­мыс жасайды. Артым­нан ерген бір інім бар. Осылай қатты қиналып жүрген жайым бар. Серік Әбікенұлы! Қазақ­та «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дей­тін бала қайдан бол­сын» дейтін дана сөз бар. Менің арманым – жазушы-журналист бо­лу, сөйтіп, өз елімнің да­муы­на, әлемнің бә­се­­кеге қабілетті 50 елі­нің қатарына қосылу жо­­­лында теңізге тамған там­­шыдай болса да өз үлесімді қосу. Сізден өті­ніп сұрарым: менің оқуымды жалғас­ты­­рып, жоғары оқу орнына түсуге ық­пал етіңіз. Мен халқым үшін қызмет ету­ге әрқашан дайынмын!» – деген сы­ңай­дағы жанайқайға нақты кө­мектің ор­нына, жаттанды ресми жауап қана алған. Одан бері бір жыл өтті. Ер­болдың сыныптастары биыл мектеп бітірді. Бұйыртса, біразы студент атанады. Ал үйірінен адасып қалған жас тұлпар ауыздығымен алысып, ешқандай санатқа қосыла алмай аласұруда. Мағжанның өзі сенім артқан мұндай жастарға ұстаз­дық еткен жандардың сенбеуі өмір арна­сының басқа жаққа бұрылып кетуіне әкеп соқты. Дегенмен ер мінезді Ербол әлдекімдердей бұзақы балалардың қа­тарын толықтырмады, қабілетін танып-біле алмаған ұстаздарына да өкпелемеді. Ол әңгіме соңында: «Мен бәрібір өзімді дәлелдеймін. Өйткені мен – Алаш азама­ты­мын ғой!» – деп сөзін түйіндеді.

Айтайын дегенім...
Ербол Ақшолақов:
– Менің атам Мұхаммедкәрім Ақшолақов «халық жауы» атанып, кейін ақталған. Мен өскен Қарлығаш ауылындағы мектепті сол атам өз қолымен салған. Бұл мектепте қазақтың атақты жазушысы Әнуар Әлімжанов оқыған. Бүгінде құлаудың аз-ақ алдында тұрған осы мектептің жағдайын айтып, республикалық басылымдарға шағын мақала жариялаттым. Содан ауыл, ауданнан асып бұл мәселе облыстағы басшыларға жетіп, біраз шу болды. Онсыз да менен зәрезап болған ұстаздарым мен ауданның атқамінерлері мені әбден ұрсып, масқараламақ болды. Бұған күйіп кеткен мен бір уыс дәріні жұтып алып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Осы жағдайдан кейін ұстаздарым мені жүйке ауруларын тексеретін дәрігерлерге әбден тексертті. Олардың не дегенін білмеймін, әйтеуір бүкіл ауыл мені «арызқой, жынды» деп атап кетті. Өйткені ауылдағы келеңсіз жағдайлар жайлы, мектеп мұғалімдерінің жемқорлығы туралы мен үнемі айтып, жазып жүретінмін. Себебі ауылға бөлінген ақшаны жымқырғандарды, көрінген нәрсеге ақша жинатуды дәстүрге айналдырған директорлардың қылықтарына төзе алмадым. Бірақ олардың қылмыстарын елге жария етемін деп, ақырында өзім күйіп кеттім. Бүгінде менің аз-маз жетістіктерімді сырттай біліп жүретін ұстаздарым «Бұл – біздің шәкіртіміз» деп мақтанатын көрінеді. Ал мен мектептен шығып жатқанда, біреуі шын жанашыр болып араша түспеп еді... Қазіргі қатарластарыма айтарым – қандай да бір әділетсіздік пен ұрлықты көріп қалсаңдар, әшкерелеуге асықпаңдар, көрмегенсіп, білмегенсіп жүре беріңдер. Бұл қоғамда шындыққа орын жоқ. Ал, жалпы, бүгінгі жастарда ұлттық тұрғыда терең ойлау жоқ. Бәрінің көкейінде «қайтсем байимын» деген пенделік принцип қана.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста