Көне нысандар жағдайы таразыланды

Кеше Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі жанындағы Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Маңғыстау облысының 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» өңірлік салалық бағдарламасының негізінде Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес құрылған болатын.

Кеңес жұмысының басым бағыты – Маңғыстаудың өзіндік бедері, айшығы бар, көне дәуірдің қайталанбас қолтаңбасындай мұраларын сақтау.

Қазір өңірдегі барлық тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, тұмшалау жұмыстары Кеңестің тікелей бақылауында. Жиында өткен жылы өңірде мәдениет саласы бойынша атқарылған маңызды істердің қорытындысы тыңдалып, «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2013 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер сараланды. Үш жылға белгіленген бағдарлама аясында өлкедегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 137-сіне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 24 ескерткішке қорғау тақталары орнатылған. Сондай-ақ 16 тарихи-мәдени нысанға қолданбалы зерттеулер мен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген.

Маңғыстау облысы бойынша 195 ескерткіш мемлекеттік қорғауға қабылданған, оның ішінде 21-і республикалық мәртебеде. Олар –археологиялық ескерткіштер, тас дәуіріндегі елді мекендердің орындары, қола және темір дәуірінің діни-қабірлеу кешендері, ортағасырлық Ұлы Жібек жолындағы қалалар, Керуен-сарай сияқты ғажайып ескерткіштер. Кеңес жұмысы барысында Алматыдан арнайы келген тарихшы-этнографтар Зейнолла Самашев, Серік Ескендірұлы, Әшірбек Мүминовтердің баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ «Маңғыстау ескерткіштері жинағы» кітабының баспаға дайындалған макеті талқыланды. Жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ғылыми-әдістемелік Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен тілектерін тыңдап, 2010 жылы облыста өткізілетін ірі қоғамдық-мәдени шаралар төңірегінде пікір алмасты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста