Концерт залы – Жұбанов атында!

Қазақ музыкасын кәсіби тұрғыда зерттеген көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың туғанына биыл – 105 жыл. Бар ғұмырын қазақтың ұлттық музыкасына арнаған өнерпаздың Құрман­ғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт-аспаптар оркестрін құруы – баға жетпес ерлік. Осы уақытқа дейін Кіші зал аталып келген концерттік залға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерва­тория­сы­ның тұңғыш ректоры болған Ахмет Қуанұлының аты берілді.
Ахмет Жұбанов – өнерзерттеуші ғана емес, дарынды композитор. Ол талай қазақтың күйлерін ұлт-аспаптар оркестріне лайықтап өңдеді. Қыл қобыздың заманауи түрі при­ма қобызды оркестрге лайықтап жаса­ды. Қазақтың тұңғыш көркем фильмі – «Аман­гелдіге» арнап, М.Гнесинмен бірге музы­ка жазды.
Төкпе күйдің атасы Құрманғазының ұлан-ғайыр күйлерін жинақтап, оларды ғылыми тұрғыдан зерттеп, күйшінің шы­ғар­­машылық жолы жайлы салиқалы пікір айтқан академик Ахмет Жұбанов болатын. Өнер зерттеушісі З.Қоспақов: «Көркем әде­биетте Абай бейнесін сомдаған Мұхтар Әуезов болса, ұлы домбырашы, күйші Құрман­ға­зы­ның музыкалық тұлғасын жасаған қазақ өнерінің көшбастаушысы, академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов болды. ...Құрманғазыны айтқанда, аузымызға Ахмет Жұбанов есімі қатар оралатындығы да сондықтан», – дейді өз зерттеуінде.
Академиктің қазақтың ұлттық музыка­сын асқақтатқан әншілер мен күй өнеріне елеулі үлес қосқан балбармақ күйшілер туралы «Замана бұлбұлдары», «Ғасырлар пернесі» монографиялық еңбектері – бүгін­де студенттер қауымы үшін таптырмас де­рек көзі.
Ажар АХМЕТҚЫЗЫ, композитордың қызы:
– Әкеміз біздің тәрбиемізге ерекше мән берді. Өнер – бір бөлек, балалары бір әлем еді. Бес баласын да оқытып, үлкен мамандық иелері етіп шығарды. Екеуі – химия ғылымы саласында, екеуі – музыкада, кенжесі мен – биология сала­сындамын. 1936 жылы Мәскеуде онкүндік болғанда, 30 жастағы әкем жаңа­дан құрылған оркестрді Мәскеу жұртшылығына тыңдатқан. Сонда залдағы тыңдаушы­лар сүйсінгеннен орында­рынан тұрып, қошемет көрсеткен. «Правда» басқа да газеттер қазақ музыкасы тура­лы жарыса мақалалар жазған. «Қазақ музыкасы желпілдеген дүние емес. Махаббат деген тек қыз бен жігіттің арасындағы сезім емес, бала­лардың әдемі күлкісі, гүлдің шығуы, ағаштың бүршік жаруы барлығы жүрекке ерекше әсер береді», – деп айтатын әкем. Әкемнің шығармала­рын тыңдаған адам  табиғаттың осындай әдеміліктерін байқай алады.
Жәния ӘУБӘКІРОВА, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры:
– Қазақ музыкасын кәсіби тұрғыда зерттеген өнертанушы ғалым, композитордың атына арнап, концерт залын беріп отырмыз. Менің ойымша, қазақ музыкасын биік деңгейге көтерген Ахмет Қуанұлындай адам кемде-кем.
Концерт залының алдына ғалымның мүсіні қойылып, консерваторияның өнер­паздары шағын концертін ұсынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста