Композиторлар одағы отандық шоу-бизнестің дамуына ықпал етуі тиіс пе?

Композиторлар одағы отандық шоу-бизнестің дамуына ықпал етуі тиіс пе?

Қазір бізде не көп, одақ көп. Олардың негізгі жұмысы, құрылуындағы мақсаты – өздеріне қатысты саланы дамытуға күш салып, соның белгілі бір дәрежеде көтерілуіне ықпал ету. Осы ретте, Қазақстан Композиторлар одағы барлық жанрдағы музыканы дамыту мақсатында құрылған болатын. Оның ішінде эстрада жанры да бар. Қазір елімізде жиі көтерілетін мәселенің бірі – отандық шоу-бизнесті дамыту. Бұл тұста Композиторлар одағы не істеп отыр? Әрине, Одаққа мүше кейбір сазгерлер ән жазып, осы салада біршама жұмыс атқаруда. Дегенмен Қазақстан Композиторлар одағы отандық шоу-бизнестің дамуына ықпал етуі тиіс пе?

Белгілі сазгер Махамбет Түгелбаевтың айтуынша, Қазақстан Композиторлар одағы болсын, эстрадада жүргендер болсын, музыка өнері саласында дәріс беретін оқу орындары болсын – барлығының «илегендері – бір терінің пұшпағы» болғаннан кейін, сөз жоқ, аталмыш одақ отандық шоу-бизнестің дамуына ықпал етуі тиіс екен.

– Алайда Композиторлар одағының қазіргі атқарып отырған жұмысы көңіл көншітпейді. Себебі олар қазір тек опера мен симфония жанрларына ғана назар аударып кеткен. Ал эстрада жанрын, жалпы, отандық шоуды дамытуда олар ештеңе істеп отырған жоқ. Сондықтан бұл жерде Композиторлар одағы, Жазушылар одағы т.б. өнер ұйымдарының барлығы бірігіп, бұл саланы көтеруге атсалысуы керек, – дейді ол.

Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы Балнұр Қыдырбек бұл пікірмен келіспейтінін айтады. Оның ойынша, Қазақстанда шоу-бизнес жоқ, әлі дамымаған екен. «Қазақстанда шоу-бизнес жоқ болса, оны қалай дамытамыз? Біздегі қазіргі шоу-бизнес деп жүргендеріміздің барлығы – той бизнесі. Ал композиторлар одағы ірі, күрделі жанрларға баса назар аударады. Мәселен, классикалық музыка, симфония, опера және балет музыкасын дамытуға атсалысып отыр. Қазір эстрадада жүргендердің өзі – әуесқой әншілер. Бұрын Кеңес өкіметі кезінде көркемдік кеңес құрылып, әндердің сапасын бақылауға алатын. Егер әннің сапасы нашар болса, оны теледидар, радиоларда, үлкен сахналарда орындауға тыйым салынатын. Жалпы, ол кезде қандай ән шықса да, оны бақылау Композиторлар одағының үлесінде еді. Ал қазір екінің бірі әнші мен сазгер болып кетті. Олар қаражатына Республика сарайын жалға алып, концерт бере салады. Ал оның көркемдік жағын ешкім бақылап отырған жоқ. Сондықтан бұрынғы жүйені қайта қалпына келтіріп, эстрадалық жанрдағы әндердің көркемдік жағына назар аударуға тиіспіз. Бұл ретте, Парламент арқылы музыка саласындағы заңның кейбір баптарына өзгерістер енгізіп, тіпті көркемдік кеңес туралы арнайы заң қабылдауымыз керек», – дейді Б.Қыдырбек.

Қалай десек те, қазір елімізде шоу-бизнес дамып отырған жоқ. Тіпті «шоу- бизнес бар ма?» деген сауалдың өзі де осыны аңғартып отырса керек. Әрине, жасыратыны жоқ, қазір біздегі шоу-бизнес той бизнесі екені талай айтылып та, жазылып та жүр. Сонда мұны қалай көтеруіміз керек? Мәселен, батыста шоу-бизнес жақсы дамыған. Ол жақта үлкен концерт өткізбей-ақ, миллион тиражбен дискілерін таратып, сол арқылы-ақ үлкен байлыққа кенеліп отырғандар бар. Біріншіден, онда авторлық құқық ерекше сақталған. Ал бізде ше? Бізде бірінің әнін бірі орындай береді. Тіпті бір ән жазып, оны орындағандардың кейбірі «мен – әншімін, композитормын» деп өзін жұлдыз санап, кеуде соғатындар бар. Сонда отандық шоу-бизнесті қалай көтереміз? Бұл ретте, белгілі сазгер Махамбет Түгелбай былай дейді:

– Отандық шоу-бизнесті көтеру үшін еуропалық бағыттағы, батыстық үлгідегі ән жазатын сазгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек. Дегенмен бізде шетелдік үлгіде ән жазатындарды кейбір сазгерлер қолдай қоймайды. «Батысқа еліктеп бара жатыр» деп сын тағады. Алайда эстрада әлемінде батысқа жететін ешкім жоқ. Қазір бізге батыстың әншілері келсінші, ел билет құны екі-үш есе қымбат болса да, баруға тырысады. Сондықтан батыстың кейбір жақсы тұстарын алып, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызға сәйкестендіру арқылы осы саланы дамытуға болады. Тек бұған мемлекеттік тұрғыда қолдау керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста