Композитор мен ақын
Композиторларымыз мынадай бір мәселеге зер сала бермейтін сияқты. Өзі жоқ, яки көз алдында жүрмеген ақынның сөзіне ән шығару деген ілуде бір кездесетін жайт. Әннің тексті көбінесе заказбен жазылады. Демек, «заказщиктер және поставщиктер» бар. Бұл жерде, мода ательесіндегідей, үстіне қашан шақ болғанша қайта-қайта өлшеп көруге болатын бар заттан барды шығару емес, жоқтан барды шығару болғандықтан, ақын мен композитордың творчествосы үнемі заказды көтере бермейді. Сондықтан да болар, біздің көптеген текстеріміз: «Терезеңнің әйнегін айнадай қып қоймас па ең» дәрежесінен аспайды. Халықтан шыққан талант – оның алдында аса борышты. Ол борышты өтейтін авторлар шексіз бақытты да жандар. Ал шын бақытты жаулап алу лотерея билеттерін ойнату емес екендігі белгілі.