"Колледжді қызылмен бітірсе де, академияға 2 см үшін алмады": Роза Әлқожа қызын оқуға қабылдамаған Азамат Сатыбалдыға ренжіді

Роза Әлқожаның үлкен қызы өнер колледжін бітіріп, қойылымдарда басты рөлді сомдап жүрсе де, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына қабылданбаған. Себеп – Ақбота Айдынқызының бойы әртістерге қойылатын талапқа 2 сантиметр жетпепті. Осы ретте Роза Әлқожа оқу орнының ректоры, актер Азамат Сатыбалдыға ренішін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Биыл бойы 1,65 см қыздарды қабылдайды екен. "Буратиноны" ойнағаны, қызылмен бітіргені ештеңе шешпейді екен. Тым құрыса емтиханға кіріп құласа да ризасың ғой!

Ақылы бөлімге де мүмкіндік жоқ (Ол да жылына млн теңге!). Сонда деймін де кілең бойы ұзындарды жинап ап моделдерден подиум жасай ма екен?!

Сосын өз колледжі, басқа емес (Жүргенов)! Өз мұғалімдерін менсінбейтін не академия бұл?! Сосын өзі комиссия ғып жіберген Дулыға Ақмолда басты рөлдегі "Буратиноға" неге бес қойды, неге мақтады? Сосын Асанәлі ағаға неге мақұл деп алдады, осыны түсінбеймін!

Айман Қожабекққызы өтінсе де (ақылы бөлімге тым құрыса) алмайтын жас ректордың болашағы қалай болар екен?

Мейлі ғой. Алла қызымызға бақ берсін! Сорбонна университетінің маңдайшасында: "Құдай бермегенді Сорбонна бермейді!" деген жазу бар екен. Сондықтан, сонша иілген басымды көтеріп, аналық жүрегімді сыйламаған басшыларды Аллаға тапсырдым", - деді әнші. 
Әнші өнер сапына қосылып үлгерген қызының жоғары оқу орнына түсетініне кәміл сенген. Сондықтан өзге оқу орнына құжат та тапсырмапты.

"Таза өтеді" дегенге сеніп, басқа жақты ойламаппыз да. Алдына бармағанымыз да содан. Барлық жанашырларға Алла риза болсын! Аллаға тапсырдым!

Жүрегім жүз тілінсе де, қызыма сағың сынбасын дегім келеді!
Қазақтың Розасы болғанымды қайтейін?! Рахмет, Азамат Сатыбалды! Әркімнің өз шындығы бар! Әркім өзінше әділетті! Өнерпазды өнер адамы сыйламаса, өмірде құрметті не қалды?!" - деп ренішін білдірді Роза Әлқожа.

Әпкесінің сөзіне Әбдіжаппар Әлқожа жа қосылды. 

"Жаңа Қазақстанбыз. Колледжді қызылмен (диплом) бітірген қызға 2 см үшін әңгіме айтып, мүмкіншілігін көрмей-ақ, "келесі" деп отырған қазыларына қойғаным бар екен. Мен үшін олар ешкім емес. Мансапта отырып, миллион сұрау, таланттыны танымау академияның бұрыннан ісі. Құлшылық жасағандай көрініп жүреді да! Алдына келсе құдайын танымай қу дүниеге құл болып кеткен Мәдениетті пенделер! Сіздер орындарыңыздан ауысқанда ғана РЭЦК секілді жұлдыздарыңыз көп болады", - деп ашынды ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста