Көкбай ауылы мәдениетті болды

Абай ауданының Көкбай ауылында ауылдық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Абай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, нысанға жөндеу жұмыстарын Семей қаласының «Нагель» құрылыс компаниясы жүргізген. Мәдениет ошағы жаңа заман талабына сай жаңарды. Қазір ауылға ерекше көрік беріп тұр.
Жаңарған ауылдық мәдениет үйінің ашылу салтанатына аудан әкімі Ержан Сүлеймен, мәслихат хатшысы Төлеубек Аман­ғазы, ауыл әкімдері, мекеме басшы­лары және ауыл тұрғындары қатысты.
«Ауылдық мәдениет үйінің лентасын аудан әкімі Е.Сүлеймен, мәслихат хатшысы Т.Аманғазы мырзалар, Көкбай ауылының еңбек ардагері, ұстаз Ж.Ережепов қиды», – деді баспасөз қызметіндегілер.
Аудан әкімі ауыл жұртшылығын әсем ғимараттың ашылуымен құттықтап, мәде­ниет ошағының халық игілігіне жемісті қыз­мет етуіне тілектестігін білдіріп, мәде­ниет үйіне түрлі-түсті теледидарды тарту етті.
Сондай-ақ Көкбай ауылының әкімі Ш.Жылқайдаров, Көкбай халық театрының іргетасын қалаушылардың бірі Ж.Түсіпұлы, батыр ана Қ.Кәрімбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет үйінің болашағына зор табыс тілеп, игілікті істі ұйымдастырған ау­дан басшылығына ризашылықтарын біл­дірді.
Жиналған қауым «Қаламқас» халық ән-би ансамблі мен Көкбай ауылы өнер­паздары дайындаған концерттік бағдар­ламаны тамашалады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста