Кітап саудасын нарыққа қашан бейімдейміз?

Кітап саудасын нарыққа қашан бейімдейміз?

Ел болып етек жиып, еңсе көтергелі бері қазақ қоғамы өзінің ұлттық әде­биетін да­мытуға кірісті. Ұзақ жылдар бойы кеңестік дәуірдің қы­зыл цен­зурасына тәуелді болған төл әде­бие­тіміз енді ер­кін ойдың ошағына айнала бастады.
Бүгінде қазақ қаламгерлерінің кітаптары мемлекеттік тапсырыспен де, жеке баспалар тарапынан да көптеп шығарылуда. Алайда жаңа туындының оқырманға жету жағы мен таралым, қаламақы мәселелері шешілмейтін түйінге айналып үлгерді. Оның үстіне кітап басу және оны тарату ісіне келгенде біз әлі де заманауи әдіс-тәсілдерді толыққанды игере алмай келеміз. Бұл бағытта қалып­тасқан бұрынғы жүйеге қайыра оралудың жөні жоқ. Ақ­шаң болса кітап шығару аса қиын шаруа бол­ма­ғанымен, оны халыққа жеткізіп, тарату мәселесіне кел­генде кібіртіктеп қалатынымыз және бар. Бұл рет­те әдебиетке енді келген жас таланттардың «бағы бай­ланып» қалатыны өкінішті.  Әмиянында мол қар­жысы бар қалталылар мен баспаларға тәуелді қазақ жа­зушысы өз еңбегіне жарытып қаламақы да ал­майды. Ал дамыған елдердің озық тәжірибесіне сү­йен­сек, керісінше, баспагерлер мен пиар-ме­нед­жер­лер жақсы авторларға тәуелді.

Дегенмен соңғы кездері Қазақстанда кеш те болса бас­па нарығын жолға қойып, қаламгер еңбегінің ба­ға­лану критерийлерін анықтауға байланысты іс-әре­кеттер қылаң бере бастағанын айта кету керек. Бұл ретте еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің жаңа құрамы бірқатар жобаға бастамашы болып отыр. Биылғы жылдың басынан бері баспа мәселесіне байланысты бірнеше жиын өткізген министрлік біздегі кітап басу және тарату ісін нарық талаптарымен ұштастыруға бейілді екен­дігін аңғартты.

Осы орайда ҚР мәдениет және ақпа­рат вице-министрі Арман Қырықбаевтың отандық баспагерлермен өткізген жиын­да сөйлеген сөзін келтіре кетсек:
– «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түр­­ле­­рін басып шығару» республикалық бюд­жеттік бағдарламасы шеңберінде жыл са­йын 400-ге жуық кітап шығарылып, рес­публика кітапханаларына тегін та­ра­тылады. Оған 1 млрд теңге қаржы бө­лі­нуде. Енді осы­дан шығарып, бір мысалды тал­дап көрейік: ми­нистрлік 27 шартты бас­па табақтан тұра­тын, таралымы 2000 дана кітапқа 2 млн 700 мың теңге бө­леді. Осы сомадан баспахана шығындары мен полиграфиялық материал­дарға (қағаз, бояу, желім т.б.) 1 млн 500 мың теңге жұм­салады. Баспалық шығындарға (беттеу, ди­зайн, редакциялау, түзету), әр баспа та­бақ­қа шамамен 15 мың теңгеден алғанда, 405 мың теңге қажет. Көліктік шығындарға 200 мың теңге жұмсалады. Яғни бөлінген қаражаттың 20 пайыздайы баспаның өзінде қалады. Сондықтан да барлық салықты қоса есептегеннің өзінде, баспаның авторлық қаламақыға көрсе­тілген соманың ең болмаса 10 пайызын төлеуге толық мүмкіндігі бар.
Қалай десек те, біздің елімізде кітап шығару ісінде мемлекеттің аз да болса қолдау-көмегі бар. Кейбір елдерде бұл да жоқ. Әйтсе де ұлттық әдебиетті көтеру мен шығармашылық адамының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында нарықтық тетіктерді игермей болмас. Кітап ісін әл­де­қашан табыс көзіне айналдырған өзге ел­дер­де бір кітаптан түскен қаржының қызығын автор да, баспагер де бірдей көреді. Біз болсақ қит етсе жоғарыға алақан жайып, мемлекеттік тапсырыспен шыққан 2000 дана кітапты қанағат  тұтамыз. Қаламақы талап етпек түгіл, жазғаныңды жинақтап басып бергеніне баспагерге алғыс айтып, барды қанағат тұтуға мәжбүрміз. Ал демеушінің қаржысына шығарған кітабымызды анаған-мынаған жалынып жүріп көркемдеп, беттеп бастырып, өзіміз таратып, өзіміз сатып әуре боламыз. Баспа ісі нарыққа бейімделген өркениетті елдерде жазушы жазумен ғана айналысады. Кітапқа байланысты қалған маша­қатты пысық агенттер мен баспагер-менеджерлер өз мойнына алады. Осылайша, олар жазушы еңбегі мен шығармашылық идеяны капиталға айналдырады. Ал қазақ жазу­шысы еңбе­гінің жемісін қашан көреді?

Алмат ИСӘДІЛ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста