"Кіргіз деген жеріңе кіргіздім ғой, уқалап бермесем де тұрғыздым ғой": Жансая мен Мақсаттың айтысы

"Кіргіз деген жеріңе кіргіздім ғой, уқалап бермесем де тұрғыздым ғой": Жансая мен Мақсаттың айтысы

Мақсат Ақанов пен Жансая Мусинаның жарияланбаған айтысы желіні жарды. Олардың өзара сөз таластыруы, сөз саптауы түрлі пікір тудырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Еш жерде жарияланбаған айтыста Мақсат Ақанов Оралда өткен ақындар сайысына аурып келгенін айтудан бастайды.

 

Мақсат Ақанов:

 

Күніне екі-үш укол салдырамын.

 

Дәрігерлердің жүрген соң жетегінде,

 

Түнде соны салатын адам таппай.

 

Қиналдым Айдананың отелінде,

 

Содан соң Жансаяға хабарластым.

 

Бір дәрігер бар ма деп мекеніңде,

 

Бұл айтты «өзім салып беремін» деп.

 

Кейіннен білдім бірақ бекерін де,

 

Сол жерім көбектей боп ісіп кетті,

 

Бірдеңе пайда бопты көтенімде,

 

Уколды салудай-ақ салып беріп.

 

Уқаламай кетіпсің кетеріңде,

 

Көргенде сол ісікті үркіп кеттім.

 

Білмеймін қай жерімді түртіп кеттің,

 

«Қорықпа, бәрі жақсы болады» деп.

 

Мақтап-мақтап мақтамен сүртіп кеттің,

 

 Қарағым не істегенсің түніменен.

 

Қара терге малынып шылқып кеттім,

 

Он укол салдырғанда дым болмаған.

 

Жерімді он минутта құртып кеттің.

 

Жансая Мусина:

 

Сен маған көрмегенді көрсеттің-ау,

 

Ауырып қызуыңды өлшеттің-ау,

 

Құрысын, Оралда өлім қалама деп,

 

Сен үшін қайғы-қасірет мол шектім-ау.

 

Сен жұлдыз, ал мен болсам құндызбын ғой,

 

Басынан сөз арсырмас бір қызбын ғой.

 

Келе сап Жайықтағы ағайынның,

 

Назарын құйрығыңа бұрғыздың ғой,

 

Айтысқа аттай шауып келіп тұрсың.

 

Шырағым шапқанда да тым қыздың ғой,

 

Тырайып жатыр едің кеше ғана.

 

Ал бүгін аяғыңмен жүргіздім ғой,

 

Өйткені өзің айтқан уколыңды,

 

Кіргіз деген жеріңе кіргіздім ғой.

 

Жаным-ау, енді маған не қыл дейсің,

 

Уқалап бермесем де тұрғыздым ғой.

 

Ау Жүке, қалай-қалай жұптағансыз?

 

 Тыңдаңыз Жансаяның мақпал мұңын.

 

Сау адам болмады ма мен дегенде,

 

Жұмбаққа толы сол жақ қаптал бүгін.

 

Өз-өзіне күлетін адамменен,

 

Қауіпті бір сахнада отқандығым.

 

Аларып қарағаны да біртүрлі екен,

 

Кім білсін қай больницада жатқандығын.

 

Мақсат Ақанов:

 

Жансая сөйлегенде құйындатып,

 

Жауап таппай қалады миым қатып.

 

Тұрғызып бердім ғой деп бәлсінесің,

 

Басымда боп жатқанда қиын уақыт.

 

Тұрғызуын тұрғызып бергеніңмен,

 

Жатуымды жібердің қиындатып.

 

«Мынамен мені неге жұптадың?» деп,

 

Жүкеңе айтып жатыр досым арыз.

 

Білмеймін қайлан келіп отыр дейді,

 

Мені айтатын сөз бе еді осы нағыз?

 

Сен ойлаған аурумен ауыратындай,

 

Ондай жігіт емес ем ашық ауыз.

 

Спиртпен ауырсақ та, Жансаяжан,

 

СПИДпен ауырмаймын шошымаңыз.

 

"Екеуі де тамаша ақын бөліп жаруға болмайды .Мақсаттай ақындар тұрғанда. Қасым атамыз мәңгі өлмейді артындағы бақытты ұрпақ осылар", "Екеуіде мықты. Батыстың батыр кызы Жансая, жаным, алға! Мен де батыстықпын қашанда үзбей караймыз", "Мына айтысты көрмеппін бұрын. Керемет!"- деді желі қолданушылар.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста