Кино – саясаттың бір бөлшегі

Кино – саясаттың бір бөлшегі

«Оңтүстікфильм» КММ директоры, ҚР мәдениет қайраткері, режиссер-сценарист Батырхан Дәуренбековпен болған сұхбатты өздеріңізге ұсынамыз:
–  Батырхан Қалдарбекұлы,  “Оңтүстікфильм” киностудиясы соңғы кездері көрермендерін қандай тұщымды дүниелерімен қуанта білді?
– «Оңтүстікфильм» мемлекеттік мекеме болғандықтан, қаламызда болып жатқан жаңалықтарды, мәдени іс-шараларды бейнетаспаға түсіріп, мұрағатта сақтап отырамыз. Бұл іспен телеарналар да айналысады. Бірақ олар толық нұсқасын түсірмейді. Бізге кино түсіруге мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейді. Өзіміздің он шақты адамнан құралған шығармашылық топ бар. «Жанғырық» атты фильмді түсірдік. Ғаламторда жақсы тарап кетті. Бұны еліміздің Діни басқармасы да көріп өтті. Өйткені, балаларға тәрбие беретін кино. Жастарымызды иманды етіп тәрбиелей алсақ, олар жаман нәрсеге бармайды. Пара алудан да, пара беруден де аулақ болады. Тағы бір «Өтелмеген борыш» атты фильм де ғаламторда танымалдылыққа ие болды. Бұл кино көрермендер арасында үлкен резонанс тудырды.  Аталмыш 2 киноның режиссері Серік Таласов. Кейбір ағаларымыз «мына тақырыптарың жақсы екен» деп қолдау көрсетіп жатқандары да кездеседі. Мысалы, «Өтелмеген борыш» фильміне ҚР Сенатының депутаты Әли Бектаев демеушілік жасады. «Өтелмеген борыш» жалғасының сценариі жазылу үстінде. Оны да түсіреміз деген үмітіміз бар.
«Қазақфильмге» қаражат бөлінеді. Мысалы, «Махамбет» фильмі пәлен қаржыға түсірілді. Бірақ көрермендерге жетпей қалды. Сценариін жазған – Олжас Сүлейменов, режиссері Сламбек Тәуекел ағаларымыз. Сондай фильмнің өзі Махамбеттің мінез-құлқын аша алмаған. «Көшпенділер» фильміне келер болсақ, оған қыруар қаржы бөлініп, елімізге жарнамасы жақсы таралды. Бірақ Елбасы бір сөзінде «Көшпенділерді де ондырмапсыңдар» деп бағасын берген болатын.
Мысалы, үнді фильмі көбейіп кетіп еді, жастарымыз үнді еліне еліктей бастады. Туылған қыздарының атын «Ананди» қойып жатқандары да бар. Өткенде Мәдениет министрлігінде кино тақырыбында жиналыс өтті. «Қазақфильм» және басқа да өнер майталмандары «фильмнен қалай пайда табамыз» деп отыр. Олардың да уәждері бар. Шынында да кинотеатрлардың барлығы жекешеленіп кеткен. Дегенмен, киноны қызықты етіп шығару басты мәселе. Жиналыс барысында «Елбасының саясатын жөнді түсінбей жатқан боларсыздар. Елбасымыз «пайда табыңдар емес, балаларды кино арқылы патриот етіп тәрбиелеңдер» деп жатыр. 2050 жылды жасайтын да, елімізді өркендететін де өсіп келе жатқан балалар. Балаларға арналған фильмнен қандай пайда күтіп отырсыздар. Жастарымызды жақсы кино арқылы тәрбиелесек, біздің еліміз үшін де, қоғам үшін де сол пайда емес пе» деген ойымды жеткіздім.
Бұрын Одесса, Москва балалар киностудиялары болған. Олар жоспарлы түрде балаларға арнап кино, мультфильмдер түсіріп отырған. Сондықтан біз «Тимур және оның командасы», «Қанжар» деген фильмдерді көріп, патриот болып өстік. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген бабаларымыз. Балаларға арналған фильм кенже қалып отыр. Жылына 1-2 фильм шығатын шығар. Бірақ бізге жеткіліксіз. Қандай сапада, қандай деңгейде шығатыны да бізге белгісіз. Оның өзі көркемдік кеңестен өтіп, одан кейін мықты түсіретін режиссерлерге тапсырылуы қажет.
Шымкентте опера балет театры, салт-дәстүр мұражайы, сатира театры ашылды. Енді неге балалар киностудиясын ашпасқа? Мысалыға алсақ, Голливуд – Нью-Иоркте немесе Вашингтонда емес, елдің шетінде орналасып, киноөндірісі алдыңғы қатарда. Шымкент қаласында анимация саласы өте күшті дамыған. Оны Алматы, Астана қалалары да мойындады. Интернет желісінде рейтинг бойынша ең көп көрілетін 5 мультфильмнің үшеуі «Сақ» киностудиясының туындысы. «Қошқар мен теке», «Толағай», «Момын мен қарақшылар», «Сапа олимпиадасы» анимациялары көрермендердің ықыласына бөленді. «Томпақ» телехикаясын бүкіл балалар жақсы көреді. Осы фильм «Қазақстан» телеарнасының «Ең үздік жобасы» атанды. 1-маусымдағы әрбір сериясының қаралуы миллионнан асып кеткен…
– Қалай ойлайсыз, Шәкен Айманов сынды дара туған кино өнерінің ізбасарлары бүгін бар ма, болса кімдерді атар едіңіз?
– «Рэкетир» мен «Жаужүрек мың бала» фильмдерін түсірген Ақан Сатаев пен «Келіннің» режиссері Ермек Тұрысовты айтар едім. Жаңадан шығып келе жатқан режиссер шымкенттік – Серік Таласов.
 – Біздің бала кезімізде ауылға үнді фильмі келсе,  клубқа тайлы-тұяғымызбен  ағылушы едік. Соншалықты алып бара жатқан түгі жоқ, әйтсе де жұртты өзіне тәнті ететіндей  олардың қандай құпиясы бар?
–Олар барынша халыққа әсерлі етіп түсіреді. Тарихи-танымдық фильмдер бар. Халыққа ұнамауы мүмкін, бірақ оның өзінің құндылығы бар.
– “Оңтүстікфильмнің”  соңғы туындысы қалай аталады және сюжет желісі неге құрылған?
– Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл толуына орай ОҚО ішкі саясат басқармасының қаржыландыруымен «Майдангерлер» фильмін түсірдік. Режиссері – Серік Таласов, сценариін өзім жазып шықтым. Менің атам соғыста пулеметші болған. Бірақ Ленинград түбіндегі шайқастан із-түссіз хабар келмей, оралмаған. Менің атам пулеметші болғанының өзі менің жүрегіме қуаныш ұялатады. Енді айтпаса да түсінікті, пулеметпен «пәлен немісті қырды» деп ойлаймын. Сондықтан кино желісінде атамды Дәуренбек деп алып, сценариі осылай жазылды.
 – Аса тартымы болмаса, бүгінде көрермендерді арзан дүниемен  қызықтыра алмасымыз анық. Олқылықтың орнын толтыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
– Өз басым телеарналар беріп жатқан сериалдарға таң қаламын. Ақсақалдар орысша сөйлеп келеді де, арасында «садись айналайын» деп қояды. Оған қоса «ассалаумағалейкум, ақсақал» дейді де, ары қарай орысша сөйлеуді жалғастырады. Бұл не мазақ?! Кинолардың бәрі қазақ тілінде түсірілуі қажет. Ал кейіннен басқа тілдерге аудара берер. Орысша түсірді ме, таза орысша түсірсін.
Сонымен қатар, қазіргі балаларды бұрынғы киномен, мультфильммен қызықтыра алмаймыз. «Елу жылда ел жаңа» дейді. Балалардың көретін кинолары да жаңа болуы керек. Кинода қимыл-қозғалыс көп болуы керек. Өйткені, көрермендердің талабы басқа. Кино басталған соң 5 минуттың ішінде қызықтыра алмаса, көрермен тұрып кетіп қалады.
– Батыстың атыс-шабысына, қатыгездігіне, зорлық-зомбылығына арналған фильмдер бүгінгі балалардың сана-сезімдерін әбден улап бітті. Үлкендеріміз де мәз емес. Тығырықтан шығатын қандай жол бар?
Егер де жастарымыз шетелдің киноларын көре берсе, қатыгез болып өседі. Қазіргі таңда жастар арасында қылмыстың артуы да осының арқасы. Өзінің сыныптасын атып кету, пышақтай салу олар үшін оп-оңай. Жастар оның арты не боларын ойламайды. Біріншіден, түрмеде жататынын, онда қандай жағдай екенін. Екіншіден, ата-анасының қандай қайғыда болатынын. Неге біз осындай халге түскен жас баланың өмірі туралы трагедия түсірмейміз?! Кинодан «не істейміз енді» деп қайғыға беріліп отырған ата-ана мен баланың түрмедегі қиын өмірін көрген жастарымыз жаман нәрселерден жиреніп жүреді. Ондай «ерлікке» бармайтын болады.
– Жастарды отан сүйгіштікке, ұлттық рухта тәрбиелеуге байланысты киностудия қандай нәтижелерге қол жеткізе білді?
– «Жанғырық», «Өтелмеген борыш» фильмдері көрермендерге біраз ой салды. Мұндай туындылар әлі де жалғасын табады.
–Өнер жолына түсуіңізге не себеп болды?
– Кішкентай кезімнен сурет салуға құмар болдым. 10 сыныптан соң Шымкент қаласындағы Қастеев атындағы көркем сурет колледжінде білім алдым. Суретші болғанның арқасында жарық қайдан берілу, камера қайдан түсіру керектігін, бояуларын, композициясын, кадрды жақсы көре аламын.
– Киностудияның алдағы жоспары, нақты қандай қадамдар жасамақ?
– «Оңтүстікфильмді» балалар киностудиясына айналдыру туралы жоспар құрып отырмыз. ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов жыл да зиялы қауыммен кездесу өткізеді. Алдағы кездесуде зиялы қауым осы мәселені көтерсе деймін. Бұқаралық ақпарат құралдары мен депутат ағаларымыз біздің ұсынысты қолдаса нұр үстіне нұр болар еді.
 – Салиқалы да,  байсалды әңгімеңіз үшін рахмет айта отырып,  “Оңтүстікфильмнің” елді елең еткізердей тың дүниелері көп болғай деп тілейміз.
Сұхбат жүргізген:
Амангелді АҚЫНОВ.
http://kaztimes.com/?p=4336
 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста