Киізден де көркем дүние жасауға болады
Төрт түліктің қадірін біліп, оның тұяғына дейін кәдесіне жарата білген атам қазақ баспанасын бекерге киізбен қымтамаса керек. Халқымыздың ұғымында киіз – үйге жақсылық пен жылу әкеліп, жағымсыз дүниелер мен ауруды алып кететін бірегей табиғи материал. Тек кейінгі ұрпақ өзіміздің ата дәстүріміздің көбінен көз жазып қалғандығымыздан, бүгінде киіздің қыр-сырын біле бермейміз.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылында киізден көркем дүниелер жасаудың ұлттық технологияларына үйрететін семинар басталды. Семинарды Табиғат пен биоәртүрлілік жөніндегі неміс қоғамы (NABU)-мен Еуропалық комиссияның қаржылық қолдауына сүйене отырып Қарағанды экологиялық мұражайы ұйымдастырса, оған нақты қолөнер бұйымдарын әзірлеуші көптеген халықаралық көрмелердің қа-тысушысы, қолөнер шебері Жанғұтты Күлән.
Қазақтар өздерінің түп-тамырларын ұмытпай, өздерінің сапалы бұйымдарын синтетикаға, табиғи азық өнімдерін әлдебір қоспаларға айырбастамаулары керектігін айтқан Күлән Жанғұтты осы семинар арқылы елді тек халық шығармашылығының әдістеріне үйретіп қана қоймай, сонымен бірге ауылдықтарға халық дәстүрін жаңғырту арқылы отбасы табысын арттыруды үйретуді көздесе керек.