Осыдан аз уақыт бұрын үйленетінін айтқан Кентал әріптесінің туған күнінде сүйіктісін көрсетті. Әнші тілшілерге жанындағы арудың болашақ қалыңдығы екенін айтты деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мен бұл сұраққа жауап бермеймін. Қаламаймын. Иә, бұл менің қызым. Менің сүйіктім. Менің күнім. Менің сұлуым", - деді әнші.
Өнер иесі өзінің ғашығы туралы басқа ақпарат бермеген. Алайда Луинаның кешінде сүйіктісінің жанынан бір қадам алыстамаған.
Естеріңізге сала кетейік, Кентал сұхбаттарының бірінде биылдан қалмай шаңырақ көтеретінін мәлім еткен болатын.
Тіпті әнші сүйгеніне сырға салып, бірнеше салт-дәстүрді орындайтынындарын да жасырмаған.