КеңесДҮЙСЕКЕЕВ: «Қарағым-ай» – әкенiң қызына арнаған әнi

КеңесДҮЙСЕКЕЕВ: «Қарағым-ай» – әкенiң қызына арнаған әнi

Кеңес Дүйсекеевтi қалың қазаққа таныстырып жату артық болар. Өнер биiгiне көтерiлген бұл кiсiмен аз-кем сұхбаттасудың сәтi түскен едi. Артық сөзге жоқ  қарапайым көрiндi.
«Өнер жолыңызды қалай бастадыңыз?» деген дәстүрлi сұрағымызға:
– Мектепте жүргенде-ақ ән шығаратынмын. Бiрде ағам Ахмет Жұбановқа алып барды. Ол кiсi тыңдап болған соң, менi шығарып жiберiп, ағама «мына баланың таланты бар екен. Келешекте үлкен композитор болады. Оқысын. Екi жыл дайындық курсын оқып, одан кейiн консерваторияға барса болады. Талантының көзiн ашып, бiлiмiн тереңдету үшiн әуелi музыкалық училищеде оқысын» дептi. Ахаңның айтқанына ден қойып, әуелi дайындық курсын тәмәмдап, сосын училищенi бес жылда, одан кейiн консерваторияны бес жылда бiтiрдiм. Мәскеудiң консерваториясына жолдама берген едi. Мен оған бара алмай қалдым. Оның бәрi жетiмдiктiң «арқасы» ғой. Жасым 28-ге келгенде әйтеуiр консерваторияны бiтiрiп шықтым ғой» деп жауап бердi.
– Осы уақытқа дейiн неше ән жаздыңыз?
– Шынымды айтсам, шығармаларымның санын осы күнге дейiн санамаппын. Әрине, әннiң санына емес, сапасына мән беремiн. Эдуард Хонок деген композитор досым бар. Сол айтады: «Жылына бiрнеше ән шығарамын. Бiрақ соның iшiнен таңдап, талғап бiр-екеуiн ғана ұсынамын. Сол менi бiр жыл асырайды. Әрбiр өнер адамы өзiне сот, өзiне прокурор бола бiлуi керек» деп. Расында әңгiме сонда. Өзiмнiң 60 жылдық мерейтойымда орындалған әндерiмдi саралап отырсам, жазғандарымның 70 пайызы жаңа әндер екен. Оны жастар да, атақты әншiлер де айтып жүр.
Композитор ағамыз «Шығармашылықта алдын ала ештеңе жоспарламаймын. Бастысы, образ тауып алуым керек» дей келе, сөзiн былай сабақтады: «Образ тапсам, отырам да жаза берем. Өзiнен өзi келе бередi. Мысалы, «Қарағым-ай» атты әнiмнiң шығу тарихы мынадай. Әкем менiң бес жасымда қайтыс болған. Әулетiмiзде ылғи ер-азаматтар. Соның iшiнде жалғыз апам болған. Сол апам 19 жасында ҚазПИ-де оқып жүргенде қайтыс болды. Сол апама әннен ескерткiш қояйын деген мақсатым болды. Әкем тiрi болса, жалғыз қызын ұзатып тұрғанда айтар едi ғой деген ойдан туындаған едi. Оны әркiм өз пайым, парасатына қарай түсiнiп жүр. Бiреулер махаббат туралы ән дейдi. Солай түсiнсе өздерi бiлсiн. Ол қызын ұзатып тұрғанда айтатын әкенiң әнi.
– Өзiңiздiң iзiңiздi басып келе жатқан композиторларға көңiлiңiз тола ма?
– Өзiмнен кейiнгi толқынға қарап отырсам, арасында әрине кәсiби композиторлар бар. Қуат Шiлдебаев, Бейбiт Дәлденбаев, Артық Тоқсанбаев өте талантты композиторлар. Алайда бүгiнде екi-үш әнiн шығарып студияға барып жаздыртып, «мен композитормын» деп көкiрегiн ұрып жүргендер көп. Ондайларды «әуесқой сазгер» деп атауға болатын шығар. Әбiлахат Еспаев ағам айтушы едi: «Не боп кеттi, өзi. Көшеде кетiп бара жатып таяқ лақтырсаң композиторға тиедi» деп. Расында қазiр қалтасы барлардың бәрi композитор болып кеттi ғой. Әуесқойлар шығарған қойыртпақтарын студияға апарып бередi. Онда отырған кәсiби мамандар өңдеп, жабу жауып, әйтеуiр жөнге келтiредi. Бәрiне күнкөрiс керек. Қазiр талғамсыз дүние көбейiп кеттi. Халықтың талғамын бұзатын солар.

– Соңғы кезде опералық шығармалар аз жазылып жүргендей. Бұл турасында не айтасыз?
– Кезiнде Түрiкменстанда опера театрын жауып тастағаны белгiлi. Бұлай бүркенудiң қажетi жоқ. Шынына келгенде, бiзге музыка жанрының бәрi керек. Қажетсiзi жоқ. Опера, симфония – бәрi керек. Қазақ өзi ерекше халық, әншi халық, өзiнiң кең даласында айқайлап ән айтқан халық. Сондықтан бұл бiзге жақын жанр. Мұның бәрi халқымызда бұрыннан дамып, жетiлген. Бiрақ мемлекеттен тапсырыс жоқ. Операға кiрiссем, оған кем дегенде екi жыл уақытым кетедi. Сол екi жылда менiң отбасымды кiм асырайды? Бұрын қанша жамандасақ та тапсырыс болатын. Келiсiмшартқа отырып композиторға алдын ала 30 пайызын төлеп қоятын. Ол қаражат бiр жыл отбасыңды асырауға жетiпартылатын. Сол кезде алаңсыз шығармашылыққа берiлiп жазатынбыз. Ал басыңда «отбасымды қалай асыраймын» деген уайым болса, онда қандай шығармашылық болады? Қалай жазуға болады? Әрине мұндайда ештеңе шықпасы өзiнен өзi белгiлi.
– Қазiр немен айналысып жүрсiз?
– «Қазақконцертте» көркемдiк жетекшiмiн. Шығармаларымды түнде жазамын. Күндiз жұмыстамын.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста