Кенеге қарсы қарапайым технология

Алматылық өнертапқыш оңтүстік тұрғындарына қауіп төндіріп тұрған кенеге қарсы өз технологиясын ұсынады. Ол қарапайым дәкеден және пестицид не акарицид сияқты химикаттардан тұрады. Кенеден сақтайтын медициналық құрал адамға да, малға да арналған.

Дәулет Қартұлы «Алаш айнасының» оқырмандарына асфальтқа төселетін жасанды ала жолақ кедергілердің жаңа үлгісі арқылы таныс. Енді өнертапқыш індет таратушы жәндіктерге қарсы медициналық құрал жасауды ұсынып отыр. Ол үшін қарапайым дәке не медициналық мақта, кенеге қарсы химикаттар мен медициналық созылмалы тор қаптама қажет. Акарицид немесе пестицид, тіпті болмағанда жағармай сіңдірілген мақта не дәке аяқтың тобықтан жоғары тұсына орай таңылады. Мұны әдетте жарақатты таңуға қолданылатын созылмалы тор қаптамамен бастыру керек. Дәке сырғып кетпес үшін оны аяққа скотчпен жапсыруға болады. Дәрі сіңген дәке шалбардың не етіктің сыртына байланады (суретте). «Мұны адамға ғана емес, жайылымдағы сиырлардың аяғына да байлауға болады. Мал жүрген жерлерінде дәрінің иісін таратып, кенелерді жолатпай отырады», – дейді Д.Қартұлы.

Өнертапқыштың айтуынша, кенеге қарсы халықтық әдіс-тәсілдерді де жаңғыртқан жөн. Мәселен, кенені жолатпау үшін қой жүні мен шуданың өзін де пайдалануға әбден болады. Айта кеткеніміз жөн болар, биыл Оңтүстік Қазақстан өңірінде кене шаққан сегіз адам Қырым-Конго қанды безгегін жұқтырып, оның екеуі аурудан көз жұмды. Осыдан кейін аймақта кене энцефалитіне қарсы улау-сақтандыру шаралары қолға алынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста