Келер жылдан не күтесіз?

Халық арасында «қойдан­ жуас», «қой аузынан шөп алмас» деген­ теңе­улер жиі қолдан­ы­лады. Бұл қой жануа­ры­ның момақан, көнбіс екен­дігін білдіреді. есіктен енгелі тұрған қой жылының қысы қытымыр емес, жылы, жазы жайлы бо­лады деген сенім бар. Лайым­, жаңа жыл жа­ғымды­ жаңал­ықтарымен қуантып, мемлекет­іміздің іргесі берік болғай!

Қой. Бала-шағасы бар ата-аналар үшін бұл жыл ерекше түсіністіктің жылы болмақ. Егер жаныңызды жегідей жейтін мәселелер пайда бола бастаса, оны тез арада шешуге­ тырысыңыз. Мазасыз тіршіліктен бас тартыңыз да, өзіңізге көңіл бөле бастаңыз. Жұрттың қамын жеп, қамқорлық­ жасау сіздің ғана маңдайыңызға жазыл­маған. Жұмысыңыз кедергі кел­тіріп жүрген болса, демалыс алыңыз­. Алғашқы жарты жылдықта мұндай өзгеріс­т­ерді қабылдау қиын болғанымен, жаз айларынан бастап бәрі де қалпына түседі. Бұл – жеке және қоғамдық өмірге де, жұмысқа да қатысты айтылған болжам. Ал тұрмыс құр­маған жастар шаруаның астын­да жүремін деп, ата-анаға қамқорлық жасауды ұмытпасын.

Мешін. «Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес» деп бабаларымыз айтқандай өзіңізді, өмір­дегі орныңызды, сүйген жарыңызды, мақсатыңызды іздеуді жал­ғастырыңыз. Айналаңыздағылардың сенімсіздіктеріне, мағынасыз әңгімелеріне назар аудармаңыз. Қайнап жатқан қазанның бетін жауып, мақсатқа жеткізер тура жолды таңдайтын уақыт жетті. Сәттілік сіздің жағыңызда. Қысқасы, осы жылы асқан белсенділік танытыңыз. Сонымен қа­тар, оқу орнын, жұмысыңыз неме­се тұратын қалаңызды ауыстыр­ғыңыз келіп жүрсе, қой жылы ең ыңғайлы кезең. Жақсы қызметке ие болу немесе қаржылық жағда­йыңызды жақсарту туралы мақсат-мұраттарыңыз толығымен орындалады. Жалпы, келер жыл­ғы ең үлкен жетістік иегерле­рі – шығармашылық адамдары екен.

Тауық. Жаңа жылдағы өзге­ріс­тер қаңтар айынан-ақ басталады. Бойыңызда бұрын-соңды болмаған күш пайда болып, белсенді­лігіңіз артады. Осы талпынысыңыз арқылы біршама жетістіктерге жетесіз. Адамдарға деген қарым-қатынасыңызға көңіл бөліңіз. Ойың­ызда қосымша білім алу жоспары жүрген болса, уа­қыт соз­бас­тан, дәл осы жылы құ­жатта­рыңыз­ды тапсырыңыз, арты сәттіліктерге толы болмақ. Елімізге білгір маман­дар әрдайым қа­жет болады. Бұл жыл маңызды әрі елеулі оқи­ғаларға толы екенін ұмытпаңыз. Екінші жарты жылдықта міндетті түрде демалыс алатын болыңыз. Әдетте демалыс кезінде орын алатын­ үй жөндеу жұмыстарына кірісуге асықпаңыз. Өзіңізді сынап­ көріңіз және кәсіби өсу мен биік жетістіктерге жеткізер қа­дамдарды қорықпай жасаңыз.

Ит. 2015 жыл сіз үшін сәтті өтпек. Әлемде, елде болып­ жатқа­н жаңалықтардан қапы қалмай, өз пайдаңызға қолданыңыз. Өйткені сіздің шығармашылық белсенділігіңіз күн­нен-күнге артып келеді. Қой жылында алға қойған мақсаттарыңыздың көпшілігі орындалады. Сізді бизнес жолында көптеген табыстар күтіп тұр. Сондықтан өмір­лік жоспарларыңызды тағы бір айқындап алыңыз. Үйіңізге және отбасыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Жылдың алғашқы жартысында мансабыңыз өспек. Мақсаттарыңыз бен армандарыңыз бірте-бірте орын­далып жатса, таңғалмаңыз. Өйткені бұл – сіздің жылыңыз. Қыс айларында жұмысыңыз алға басады. Сүйген жарыңызбен қосылып, берік отба­с­ын құруыңыз мүмкін.

Доңыз. Өз өміріңізді қалай көргіңіз келсе, оны жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар. Сіз үшін қой жылында бизнес саласында оңтайлы жауаптар табылып, сәттілік серік бол­ғалы тұр. Көктем – таңғажайып романтикаға толы кезде­сулер мезгілі. Қой жылы сіз үшін сезімге ерік беретін жыл болмақ. Егер әлі отбасын құрмасаңыз, іске кірісіңіз. Сәтті кездесулер үйлену тойына дейін апарады деген болжам бар. Жігітке жетпіс өнер де аз. Сондықтан көктемде, әсіресе сәуір айында жұмысыңызға ерекше көңіл бөлесіз. Маусым айынан бастап карьераңыздың өсуіне жол ашылмақ. Сонымен қатар, басқа­ жақтан ұсыныстар келіп түсуі мүмкін. Бәріне жауапкерші­лікпен­ қараңыз. Егер жеке бизнесіңіздің алға басқанын қаласаңыз, онда барлық сәттілікті күз айларында күтіңіз.

Тышқан. Қой жылы сіз үшін ең сәтті жыл болғалы тұр. «Қыз еркем кестесімен көркем, ұл еркем­ өнерімен көркем». Қайсар жан екеніңізді естен шығар­маңыз. Кез келген маңызды және қиын жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз. Сіз үшін, әсіресе, жылдың екінші жартысы­ табысты болмақ. Алғашқы жарты­ жылдықта көп уақытыңызды отба­сыңызға бөліңіз. Сонымен қатар қой жылында оқуға, саяхат жасап, демалуға көптеген мүмкіндіктер туады. Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз, биыл сол армандар орындалатын сәтті жыл болмақ. Шешім қабыл­дауда шорқақтық танытпаңыз. Жаңа жылға жаңа деммен, жаңа мақсатпен қадам басыңыз.

Сиыр. Осы жылы көптеген мәселенің түйінін оңтайлы шеше­сіз. Сондықтан да төрімізге шыққалы отырған қой жылында жұ­мыста да, үйде де көптің назарында­ боласыз. Қазақ халқымызға дарыған қасиет қонақжайлығыңызды көрсетіңіз. Әріптестеріңізді, туыс­тарыңызды, жора-жолдастарыңызды ренжітіп алмауға тырысыңыз, арты жақсылыққа апармайды. Бұл жыл сізден еңбекқорлықты, төзімділік пен сабырлылықты күтеді. Тамыз, қыркүйек айларында өміріңізге елеулі өзгерістер енгізуден қорықпаңыз. Себебі, қараша айында сізді өте жағымды­ жаңалық күтіп тұр. Дәл қазір сіздің мәртебеңіз жеткілікті дәрежеде биік, сондықтан әріп­тестеріңіздің арасында көшбасшы болуға мүмкіндігіңіз бар. Тек теріс мінездеріңізді көрсетіп қойып жүрмеңіз.

Барыс. Бұл жылы бірінші кезекке отбасы мен үй шаруасын қойған­ дұрыс болады. Белсенділігіңізді қоғамда емес, шаңырағыңызда көрсетіңіз. “Аймалайтын анаң қымбат, асқар тауың әкең қымбат” деп бекер айтылмаған. Жылдың ортасы мен соңында жан дүниеңізде­ көптеген өзгерістер болуы мүмкін. Бірден жоғарыға ұмтылудың қажеті жоқ, алдымен өзіңізге не керек екендігін анықтап алыңыз. Жаңа үй тұрғызуға не ескі үйіңізде жөндеу жұмыстарын жасауға кіріссеңіз жөн болар еді. Осылай күшіңіз жұмысқа да, үй шаруасына­ да жетерлігін дәлелдеңіз. Қой жылында жеке өміріңізде келеңсіз жағдай­лар бола қоймайды. Жыл басталысымен-ақ өзіңіздің басқаға керек екендігіңізді сезініп, бақытты күй кешесіз. Бұл жыл БАҚ-та жұмыс жасайтын Барыстар үшін қолайлы болмақ.

Қоян. Келер жыл сіз үшін ең бақытты жыл болғалы тұр. Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық. Тек ретімен шатастырып алмаңыз. Сонда бәрі де дұрыс болады. Опти­мизмнен қашпай, тек позитивті күн кешуге тырысыңыз. Жаныңыздағыларды таңдандырып, тек күліп жүріңіз. Жалғандықтың еш керегі жоқ. Бәрінің тек шынайы болғаны дұрыс. Егер балаларыңыз болса, олар­ға көп уақытыңызды жұмсаңыз. Сіз шығарып салған жылдан қалған сенім келер жылы біраз істің басын қайырып тастауға жетеді. Шектен тыс өркөкіректік танытудан сақтаныңыз. Егер бұл мінезіңізге бой берсеңіз, біраз жақсы адамдармен байланысыңыз үзіліп қалуы мүмкін.

Ұлу. Жүрген ортаңызда мерейіңіз үстем болып, дәрежеңіз арта түседі. Ең бастысы, басқаны тыңдаудан бас тарт­паңыз. Дәрежеңіздің көтерілуі соған байланысты. Мынау есіңізде болсын: Қой жылында қиылған некенің ғұмы­ры ұзақ та, баянды болмақ. Сондықтан бойдақ жандар ойланғаны абзал. Қандай­ қиындық болмасын, сіз жеңе аласыз, соны ұмытпаңыз! Жылдың алғашқ­ы жартысы тынымсыз болға­нымен, екінші жарты жылдықта байсалды өмір кешесіз. Жаныңыз қалаған іспен шұғылданыңыз. Махаббат мәселесінде анау айтқандай қиындық болмайды. Күз айы жұмысыңыздың өрге басар мезгілі дей беруге де болады. Сіз өз биігіңізге асықпай, аяңдап жетесі­з. Тек наурыз айында өзіңізді қай істе көргіңіз келетіндігін анықтап алып, сол бағытқа қарай жүргеніңіз жөн.

Жылан. Арманға жету үшін жеңіл жолды таңдау оңай болғанымен, одан түк шықпайтынын түсініңіз. Бұл жыл сізден төзім мен ақылды қажет етеді. “Дәнді шашпа, нанды­ баспа” деген сөздің жаны бар. Жыл бойы сіңірген еңбегіңіздің жемісін қараша айында көретін боласыз. Тәуекелг­е бел буып үйреніңіз! Күштілер мен тәуекелшілдерді таңғажайып сыйлықтар күтіп тұр. Бастысы, өзіңізге нақты ненің керек екендігін білу. Егер іске құлшыныспен кірісер болсаңыз, ол міндетті түрде жемісті болады. Екінші жартыңыз сізді үнемі қолдап, құлшынысыңызды арттырып отырады­. Қараша айында өміріңізде айтарлықтай оң өзгеріс болады. «Баламен дос болсаң, бала боларсың, қариямен дос болсаң, дана боласың». Жоспарды қаңтар айынан бастаңыз, ең белсенді уақытыңыз - қазан мен қараша айлары.

Жылқы. Сіз осы уақытқа дейін жақын­дарыңызға үнемі қамқор болып келдіңіз, енді өзіңізді ойлайтын кез келді. Жаңа жылда көптеген саяхаттар күтіп тұр. Ой-өрісіңіз, біліміңізді кеңейте түсесіз, жұмысқа керек тәжірибе жинақтаудың жаңа мүмкіндіктері туады. Білгеніңізді басқамен бөлісуде тартынб­аңыз, ұжымға бірігіп істеген жұмысыңыз жемісті болады. Әсіресе мамыр айында­ менмендік қасиетті тізгіндеп ұстауға тура келеді, бұл қасиет жақсылыққа апармайтынын түсініңіз. Жұмыста қиындықтар туып жатса, әңгіменің басын ашып, бәрін тек бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз. Егер сабыр­ сақтасаңыз, сіздің ұйымшыл топ құруға мол мүмкіндігіңіз бар. Барлық жұл­дыздар сізге махаббат жолында көмектесуге әзір. Жұлдыздардың жорамалынша, жыл соңынд­а сізге қамқор және еңбекқор адам жолығады.
 
www.halyk-gazeti.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста