Карина Абдуллина он жеті жылғы өкініштің орнын толтырды ма?
"Мюзикола" дуэті 17 жыл бұрын шыққан "Арман жолдар" әніне қайта бейнебаян түсірді. Айта кетейік, бұл әнге бейнебаян алғаш 1999 жылы шыққан. Онда әнші боди-арт стилін қолданып, жартылай жалаңаш күйде түскен болатын.
Кейбір көрермендер әнші сол ескі образынан ұялып, қайта бейнебаян түсірді деп топшылаған. Дегенмен, әнші Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында репертуарындағы бірде бір ән үшін, бірде бір бейнеклип үшін ұялмайтынын, өкінбейтінін айтты.
"Арман жолдар" бейнебаянының жаңа нұсқасында Қазақстанның әсем табиғаты көрсетілген. "Бұл әнді қайта жаңғыртудағы мақсат - әннің өміршеңдігінде. 18 жыл бойы бұл ән елдің аузында, оны әлі күнге дейін жұрт орындайды, жақсы көреді. "Мюзиколаның" әндерімен бүтін бір буын есейді. Біз осы үшін мақтанамыз" - деді Абдуллина. және қазірде ана болған Карина Абдуллина ашық киінуді доғарған.