Бұл жолы ол думанды кештердің бірінде жасы алпыстан асқан қариямен сексуалды би биледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Видео Instagram-дағы Qaz.stars парақшасында жарияланды.
Бейнежазбада Кәмшат тойдың ортасында өзінің әкесімен жасты ер адамның алдында белін бұралаңдатып ұятсыз би биледі. "Сен өзің түрлі екенсің" атты әннің әуеніне еліктеп, ата да Кәмшаттан қалыспай әр түрлі би қимылдарын жасап жүр.
Бұны көрген желі қолданушылары Кәмшатты сынап тастады.
"Жасы қырыққа келсе де, қоймайды екен ұят жоқ жалаңаштанып". "Көйлектің етегін ұзартса ғой". "Сүйкімсіз". "Түк те жарасып тұрған жоқ. Ербеңдеп өзін керемет билегендей болып тұр", — деді желі қолданушылары.