Кәмен Оразалиннің 90 жылдығы Абайда да аталып өтті

Қазақтың көрнекті жазушысы, абайтанушы, мұхтартанушы Кәмен Оразалиннің 90 жылдығы Абай ауданында да аталып өтті. Аталмыш мерейтойға орай «Кәмен мұрасы – мәңгілік мұра» атты көркемсөз оқу шеберлерінің І аудандық байқауы ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабар­ла­ғандай, байқаудың салтанатты ашы­луы­на аудан әкімінің орынбасары Ерлан Лдибаев арнайы қатысып, жазушының өмі­рі мен шығармашылығы жөнінде баян­да­ма оқыды. Сондай-ақ жазушының тұң­ғыш қызы Қуандық Оразалина мен 40 жыл­дай жазушының ұстаздық қызмет ат­қар­ған білім ордасы – Абай атындағы мек­теп-лицейінің директоры Ғалым Қуа­ныш­бай мырзалар құттықтау сөз сөйлеп, ша­раға қатысушыларға сәттілік тіледі. Бай­қауға Абай ауданына қарасты барлық окру­г­терден 17 үміткер бақтарын сынап, са­йысқа түсті.
Байқау барысында сайысқа қаты­су­шы­лар жазушы Кәмен Оразалиннің «Абай­дан соң», «Жексен», «Көктем сал­қы­ны», «Ақ жазық», «Абай ауылына сая­хат», «Абайдан соңғы арыстар» т.б. шы­ғар­маларынан үзінді оқып, жиналған қа­уым­ды көркемсөз құдіретіне тәнті етті. Атал­мыш сында жақсы өнер көрсеткен са­йыс­керлер жүлделі орындар мен бағалы сый­лықтарға ие болды.
Сондай-ақ барлық үміткерлерге мақ­тау қағаздары беріліп, ынталандыру сый­лық­­тары табыс етілді. Жүзден жүйрік шық­­қан Қарауыл гимназиясының 9-сы­нып оқушысы Шыңғыс Арайлым бас жүл­­де­­ні еншілеп, аудан әкімінің арнайы ди­п­ло­­мымен және бағалы сыйлықпен ма­­­ра­патталды. Байқау қорытындысында сөз алған Абай ауданының мәдениет жә­не тіл­­дерді дамыту бөлім бастығы Әсет Мыр­за­­­қасым алдағы уақытта да атал­ған игі ша­­ра жалғасын та­ба­тын­ды­ғына сенім біл­дір­ді. Баспасөз қы­з­ме­тін­де­­гілердің ай­туын­­ша, игі шараны аудан әкі­мінің қол­да­уы­мен мәдениет және тіл­дерді дамыту бө­­лімі ұйымдастырған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста