Кәдесыйлар көрмесі өтпек

Қазір көптеген шаңырақ пен кеңселерде ұлттық нақышта жасалған неше түрлі кәдесыйларды көреміз. Бірақ солардың басым бөлігі белгілі дизайнер, коллекция жинаушы Баһаргүл Төлегенқызының еңбегінің жемісі екенін біле бермейміз.

Есіңізге түсіріп көріңізші: сары алтындай жарқыраған «Асығың алшысынан түссін!», «Қазақ елі» және «Тәуелсіздік» монументтері, «Бәйтерек», «Алтын адам», «Үш би», «Махамбет» «Қыз қуу», «Қазақ батырлары», «Д.Қонаев», «А.Құнанбаев» деп аталатын кәдесыйлар топтамасы кім-кімді де сүйсіндірмей қоймасы анық. Баһаргүл Төлегенқызы – заманауи үлгідегі қазақ кәдесыйларын жасауды қолға алып келе жатқан «Әдемі-ай» компаниясына жетекшілік етеді. Онда түрлі тақырыптағы картиналар топтамасы, күнделікті тұрмысқа ыңғайлы фреш-брелоктар, мемлекеттік рәміздер және әрқилы төс белгілер, өзге де зергерлік-сәндік бұйымдар жасалады.

Б.Төлегенқызы Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келген. 1994 жылы атамекенге көшіп келген. Қазақстанның мәдениет қайраткері және «Қазақстан әйелі-2010» жобасының жеңімпазы. Енді осы сәуір айының 21-і күні Алматыдағы ҚР мемлекеттік Орталық мұражайында Баһаргүл Төлегенқызы «Жүрегімде – Отаным» деп аталатын көрмесін өткізбекші. Бұл кәдесыйлар көрмесіне 1000-нан аса бұйымдар қойылмақ. Олардың ішінде еліміздің және Орталық Азия халықтарының қолданбалы өнері мен зергерлік бұйымдарының ескі, дәстүрлі және антикварлы заттарының үлгілері: сырғалар, сақиналар, ерлер мен әйелдердің белдіктері, тұрмыстық заттар, қол диірмендер, ошақтар, бесіктер, сырмақтар, кесте өнерінің үлгілері, сандықтар, ыдыстар, ат әбзелдері, сонымен қатар қазақтың киіз үйлері бар. Аталмыш көрме Баһаргүл Төлегенқызының осы уақытқа дейін жиған коллекциясының іріктелген жиынтығы ретінде ұйымдастырылып отыр. Көрме жұмысы 21 мамырға дейін жалғасады.

Баһаргүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Әдемі-ай» компаниясының президенті:
– Қазіргі кезде кәдесыйдың үлкен сұранысқа ие болуы әлем қазақтарының бір-бірімен қарым-қатынасын, барыс-келісін нығайтуға, сондай-ақ туризмді дамытуға байланысты орын алып отыр. Мәселен, Францияға барған әрбір азамат бұл елге барғанының дәлелі ретінде өзімен бірге Париж мұнарасының шағын мүсінін алып кетуге ниеттенеді. Осы орайда біздің де тұтынушыға ұсына алатын дүниелеріміз жоқ емес.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста