Іскерлерге арналған кәсіби басылым

Іскерлерге арналған кәсіби басылым

Өткен жылдың ақпанында еліміздегі БАҚ кеңістігіне бағыты дара «Фокус» басылымы қосылған еді. Күнделікті іскерлік газетке о баста сенімнен гөрі күдікпен қарағандар көп болды. Себебі – дәл дағдарыс кезінде нарықтың нөпір күшіне тіпті талай жыл жарық көріп келе жатқан басылымдардың өзі төтеп бере алмай, шамасы келмегендері жұмыстарын да тоқтатқан болатын. Сол тұста дағдарыстың жалыны шарпыған кәсіпкерлер мен қаржыгерлерге, басқа да іскер адамдарға бағыт-бағдар сілтейтін, дағдарыстан жедел шығу жолын меңзейтін басылымның қажеттігі анық еді. Жарыққа шығуы осы бір қиын-қыстау кезеңмен тұспа-тұс келген «Фокус» өзінің діттеген үдесінен шығуға тырысты.

0655

 «Фокусқа» дейін Қазақстанда күнделікті шығатын іскерлік басылым жоқ еді. Еліміздегі қаржы, нарық, кәсіпкерлікке қатысты мәселелер тек апталық, ай сайын шығатын іскерлік газеттерде жарық көретін материалдармен шектелетін. Жаңа бағыттағы басылым жасауды мақсат еткен газет басшылығы басқалармен бәсекелеспей-ақ, күрделі болса да, күнделікті іскерлік газет шығаруға кірісіп кетті.

654

Нұрлан МАХМУДОВ, «Фокус» газеті бас редакторының бірінші орынбасары:
– «Фокус» басылымын жарыққа шығармас бұрын біздің алдымызда, ең алдымен, «қандай бағыттағы газет шығарамыз?» деген сауал тұрды. Ойлана келе, әрі Қазақстанда орыс тіліндегі саяси-қоғамдық газеттердің көп екендігін ескере отырып, күнделікті іскерлік басылым жасауды жөн деп таптық. Біздің көздеген мақсатымыз Ресейдің «Коммерсант», «Ведомости» секілді алдыңғы қатарлы басылымдарымен, шетелдік беделді басылымдарымен иық теңестіру еді. Газет ашылған алғашқы уақыттарда бізбен бетпе-бет келген үлкен мәселе – экономика саласынан хабары бар, іскерлік, кәсіпкерлік, нарық, қаржы тақырыбына жазатын мықты мамандардың тапшылығы болды. Міне, газет жұмыс істеп келе жатқан бір жарым жылдың ішінде бұл мәселенің де түйіні шешіліп келеді. Сенім артқан журналистеріміздің күннен-күнге қаламдары ұшталып, кәсіби деңгейлері жоғарылады. Айталық, Серік Мәмбетов, Гүлсім Күнелекова, Оксана Щербакова, Юрий Каштелюк, Юрий Цай секілді талантты журналистеріміздің сапалы материалдарының арқасында біз қазіргі заманға сай, нағыз қоғамға қажетті басылым болатынымызға сеніміміз зор.

Жалпы, кез келген жаңа басылым аяғынан нық тұрып кетуі үшін кемінде екі-үш жыл, ал іскерлік басылымдар үшін одан да көп уақыт керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, «Фокус» азғана уақыт ішінде ақпарат айдынындағы өзінің бәсекелестерін де, әріптестерін де мойындатып, оқырмандарының тұрақты аудиториясын қалыптастырып үлгерді. Бүгінде газет оқырмандары «Билік пен бизнес», «Банк пен қаржы», «Жылжымайтын мүлік», «Жеке компаниялар мен нарық», «Салық» секілді айдарлардан өзіне қажетті ақпараттар мен деректерді оқи алады. Газеттің қысқа мерзімде осындай жетістіктерге жетуі – бұған дейін де журналистика саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, тәжірибесі шыңдалған Александр Новиков сынды білікті басшы басшылық ететін ұжымның еңбегінің нәтижесі. Біз қаламдас әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, қаламдарының ұшы мұқалмауына тілектестік білдіреміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста