Интеллектуал ұрпаққа жаңа шығарма керек

Бұрынғының баласы мен бүгінгінің баласында айыр­машылық көп. Интел­лек­туалдық ахуалы, қоршаған ортаға көзқарасы, дүниені тануы, техника тілін мең­ге­руі... айта берсек, таусылмай­ды. Бүгінгі таңда баланың өмірге деген таным-түсінігін қалыптастыратын, рухани кеңіс­тігіне жол ашатын тәрбие құралы – балалар әдебиеті қай деңгейде? Солардың рухани сұранысына сай қызмет ете алып отыр ма?

«Кей-кейде бүгінгінің балалары іштен оқып туған» деп ерекше таңғалысымызды жа­сыра алмай қалып жатамыз. Таңдайы та­қылдап тұрған баланы өзіміздің өтке­ні­міз­бен салыстырып көреміз. Жоқ, біз бұйы­ғы болып өссек, бұлардың білмейтіні – жер астында. Бірақ та бұл өзгерістің геомет­рия­лық прогреспен дамып бара жатқан­ды­ғы көңілге қуаныш ұялататындай.
Тумысынан табиғатпен біте қайнасып, еркін өскен бұрнағы қазақтардың сұң­ғы­ла­лығына, тапқырлығына таңғалмаған жан болған жоқ. Бізге жеткен шетел саяхат­шы­ларының жазбаларына үңілсек, «әлқис­са­сынан-ақ» осыны аңғарамыз. Таңды таң­ға соғып жыр айту үшін қанша энергия қа­жет? Бір жырдың өзі бір кітапқа пара-пар. Мұны бір тыңдағаннан қағып алып, екін­ші шәкірттің аталмыш жыр-дастанды таң қылаң бергенше басқа жерде айтып оты­руы, шындығында, таңғалдыратын дүние ғой. Бірақ та осы сұңғылалық, жа­дымыздың ғаламат тазалығы кешегі кеңестік кезеңде бұғауға түсіп, басылып қалған тәрізді. Тәуелсіздік алып, еңсе тікте­генде, ең алғаш болып бізге сананың егемендігі жетті. Бүгінгі балалардың «іштен шыққан ғұлама» болып туылуы – арғы қазақ болмысының қайтып келуі, рухтың оянуы, сананың серпілуі деп ұғуымыз ке­рек. Оларды тәрбиелейтін, қиялын ша­рық­­тататын, бойына жақсы қасиеттерді жұғысты қылатын, болашағын бағам­дай­тын балалар әдебиеті де осы деңгейден кө­рінуі, интеллектуалды, танымдық көк­жиегі кең туындыларды дүниеге әкелуі тиіс. Бұл үдеден шыға алмасақ, балалардың төл әдебиетімізге деген көзқарасын оңдап, махаббатын оята алмасымыз анық.
Шәкен КҮМІСБАЙҰЛЫ, балалар жазушысы:
–    Уақыт өзгерген сайын баланың да са­на­лылық дәрежесі өсіп отырады. Бала­ның ой-өрісін дамытатын теледидар, ком­пьютер, интернет құралдары, өзге де техникалар қазіргі таңда ауылдарда да бар. Біз жылда ұйымдастырып жүр­ген халықаралық «Дарабоз» бәйгесінде байқайтынымыз, тәп-тәуір дүниелер жа­зылып жатыр екен. Сосын жастарда қиял­дың биіктеуі, өсуі байқалады. Ертегілеріміздің өзі «ертеде шал мен кемпір болыпты» деп басталмайды қазір. Заманауи үлгілерге ауысқан. Ауыз­ды қу шөппен сүрте беруге болмас. Ең бастысы, қазіргі жазушылар бала­лар­дың талғамына сай, ой-өресіне шақ келе­тін бүгінгі күннің бет-бейнесін жа­зуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста