Индонезиялық музыкант Наталино Мелла «Дайдидау» әнін сасандо деп аталатын дәстүрлі музыкалық аспапта орындады, деп хабарлайды Dimashnews.com.
Сасандо – Индонезиядағы Роти аралынан шыққан дәстүрлі музыкалық аспап, бамбук түтігінің цитрасы. Оның ішіндегі резонатор Оңтүстік-Шығыс Азияда өсетін лонтарлы пальма жапырақтарынан жасалған.
Dimash Indonesia Dears фан-клубы сасандода шебер ойнайтын Наталино Мелламен байланыс орнатқан.
Наталино 2021 жылғы 26 мамырда Димаштың Нұр-Сұлтандағы Индонезия елшілігіне барған кезде оған сыйға тартылған аспапты өзі жасаған. Кейіннен музыкант Димаштың репертуарындағы өзіне ұнаған «Дайдидау» әнін көне аспапта орындап, бейнеролик түсірген.