Иманбек әкім ұсынған 2 миллион теңгеден бас тартып, қаражатты қайырымдылыққа аударды

Грэмми сыйлығын алған Иманбек Зейкеновті Ақсудағы жерлестері құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Зейкенов өзінің туған жері Ақсудан кетуді жоспарламағанын атап өтті. Ол үйде музыкамен айналыспақ.

«Павлодар-онлайн» хабарлағандай, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тапсырмасы бойынша Иманбекке музыкамен жақсы жұмыс жасауға арналған құрал-жабдық сатып алу үшін екі миллион теңге сыйға тартылды.

Алайда диджей мұндай сыйлықтан бас тартып, ақшаны қайырымдылыққа аударды. Ақсу қаласының қоғамдық кеңесі де ақшалай сыйлық табыстады.

"Қарапайым отбасынан шыққан жігіт, ақылды, ата-анасының тәрбиесін алған", - деді Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов жас музыкантқа шапан жауып жатып.

"Шынында да, сізге көп қаражат салынды. Сіз ата-анаңыздың бар үмітін ақтадыңыз, керемет нәтиже көрсеттіңіз. Жастар сізге қарап, ғажайыптар жасауға болатындығын көрді", - деді әкім.

Айта кету керек, Ақсуда жас продюсердің бүкіл жанкүйерлер қоры қалыптасып үлгерді, олар диджеймен кездесуді армандайды.

15 наурызда қазақстандық танымал музыкант Иманбек Зейкенов (Иманбек) америкалық әнші SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазған ремиксі үшін Грэмми сыйлығын алғаны белгілі болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста