Иманасов жүлдесі – Бақытжанда

Иманасов жүлдесі – Бақытжанда

Қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері, дарынды ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәкен Иманасов тірі болғанда биыл 75 жасқа толар еді. Марқұмды еске алу мақсатында ақынның туған өңірі Алматы облысының Алакөл ауданында республикалық «Сәкен Иманасов күндері» өтті.
Оның аясында «Ғасырында бір туатын дарабоз» атты Иманасов оқулары ұйым­дас­тырылды. Оған қатысқан 20 оқушы Сәкен Иманасов шығармаларын мәнер­леп оқып, ақын аталарына арнау жолда­ды. Сондай-ақ шара барысында Сәкен Имана­совқа арналған республикалық жыр мү­шәй­расының қорытындысы жа­рияланды. Бас жүлдеге тігілген 500 мың теңгені да­рын­ды ақын Бақытжан Алдияр қанжыға­ласа, бірінші орынды Ғалым Қалибек ие­ленді. Иманасов күндері ая­сында Үшарал қаласында Абай атын­дағы қазақ орта мектебінде ақын атына мұражай ашылып, оған ақынның қола бюсті, еңбектері, қол­жаз­балары, құжат­тары мен тұтынған бұ­йымдары қойылды. Енді Сәкен Иманасов оқулары жыл сайын мамыр айында дәс­түрлі түрде өткізіліп тұрмақ.
Мәриям Иманасова, С.Иманасовтың жұбайы:
– Ол кісі таза шығармашылыққа бе­ріл­ген адам еді. Маған айтатын: «Сен өз жұмысыңды істе, мен жазуымды жа­зайын», – дейтін. Үнемі қиялға шомып жүр­генімен, ол кісі отбасына өте жайлы болды. Балалары мен немерелері үшін тау қопаруға даяр еді. Қасым деген немереміз дүниеге келгенде Сәкең мар­құм іссапарда жүр еді. Маған ха­барласып: «Балаға ешкім ат қоймасын, өзім қоямын», – деді. Сосын екі-үш күннен соң келіп: «Әй, Мәрияш, мен ойланып келдім. Дүниеде екі-ақ Қасым бар екен. Бірі – Қасым Аманжолов, екіншісі – Қа­сым Қайсенов. Мына ұл үшінші болады – Қасым Сәкенов», – деді. Осы­лайша немереміз Қасым атанды. Мына ша­раға мен өте ризамын. Сәкеңнің өзі «Халқым, елім-жұртым»  деп отыратын. Сол ел-жұрты қастерлеп жатыр. Осыны ұйымдастырып жүрген азаматтарға үлкен рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста