Гүлшарат Жұбаева: Жұрт “Қазақ ұлтын ұятқа қалдырдың” деп қазірге дейін жерден алып, жерге салады

“Келін” фильмі арқылы танылған талантты актриса Гүлшарат Жұбаева кино өнерімен қатар тігіншілік қабілетін де үнемі шыңдап, жаңа туындылар жасауда. Сондай-ақ, “Іңкәр жүрек” көпсериялы мелодрамасына да түсіп жатыр.

Бұл туралы el.kz хабарлайды.

“Ондай киноларға шақыртулар әлі де келеді. Жұрт “Қазақ ұлтын ұятқа қалдырдың” деп қазірге дейін жерден алып, жерге салып жатады. Иә, мүмкін ұятқа қалдырсам, қалдырған да шығармын. Бірақ, бұл аты дардай “Қазақфильм” киностудиясының жұмысы, мен тек образды сомдаушы актрисамын. Фильмнің ортасына келгенде жылап, ары қарай түскім де келмеді. Сонда жауапты тұлғалар “бұл – қазақ өнері. Кино мемлекеттің қаржысына түсіріліп отыр. Кімді ойыншық қылғың келеді?!” деп ұрысты. Осыдан соң “мүмкін қазақ кино өнеріне расымен үлес қосатын болармын” деп ойлағаным рас. Алуан түрлі көзқарас бар, әркімге бірдей ұнай алмайсың. “Келін” фильмін сәтсіз туынды деп айта алмаймын, өзіндік тілі бар жанрлық фильм. Сол жылдары әкем Өзбекстанда қалып, шешем Атырауда болды. Сонда Алматыда қара басымның қамымен жүрген, жанашыры жоқ мен үшін «Келін» фильмі бірден-бір мүмкіндігім болар деген ойда болдым. Ол жерде білдей режиссер мен сценаристер отыр. Сондықтан, жаманат пен қарғысты жалғыз өзім арқалауым әділетсіздік деп ойлаймын. Бұдан кейін де “Сіз кімсіз, Ка мырза?”, “М-агент”, “Әке серті” сияқты бірнеше фильмдерде ойнадым. Мысалы, Е.Рақышевтің “М-агент” фильмінің кәсіби тұрғыда кемшілігі болса да, айтар ойы, мағынасы терең. Журналистер қауымы соны неге айтпайды? Жоқ, он жыл бұрынғы сол тақырыпты қайталап айта береді, қаза береді. Іздеген адамға ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстарым баршылық”, – актриса.

Актриса әркез еңбек ету керек екенін, сәл отырып қалса күйзеліске ұшырайтынын да айтты.

“Тыныш отырып қалсам, депрессияға түсемін. Қазір онсыз да болмайды. Өмір өтіп бара жатыр. Жастар жұмысқа құлшыныссыз келеді, ынта жоқ, оларға қарап тұрып, ішің пысады. Бірақ, өздері жұмысты қопарып тастағандай жүреді. Әркім өз шамасына қарап қимылдау керек. Бала-шаға өсіп келе жатыр. Абай атамыз да айтады ғой, «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп. Өзім қарапайым отбасының қызымын. Оралманмын, жер ауыстырып, ортаға сіңісу оңай болған жоқ. Көшеде қаңғып, подъездерге түнеген кездеріміз болды. Сондай кезеңдерді бастан өткерген соң, қазіргі күніме шүкіршілік қыламын. Өнер адамы өз ісіне көңілі толып, қанағат танытатын болса – көрерменге айналғаны. Сондықтан, жаңа заттарға, жаңалыққа құмар болып, үнемі ізденісте жүремін”, – деді ол.

Оны көпшілік Ресейден келген қазақ деп ойлайды екен. Ал шын мәнінде актриса Өзбекстанның Нүкіс қаласында туған.

“Шеттету қай жерде де болады. Қалың өзбектің ортасында жүргенде «қазақ, қазақ» деп бөліп тастады. Енді мына жаққа келгенде “қарақалпақ” дегенді де көрдік. Мен үшін бұл қалыпты жағдай, оған ренжімеймін. Өз өмірімді өзім құрып келемін, талмай еңбектеніп келемін, нәтиже жоқ емес. Ал басқасының бәрі бекер. Қайдан көшіп келсем де, маңдай ақы, табан теріммен еңбектеніп жүрмін. Біреуге бірдеңені дәлелдеу үшін жүрген жоқпын, өзім үшін өмір сүремін. Айтса айта берсін, маған бәрібір. Шынтуайтында, қасымдағы жақындарым менің кім екенімді біледі, түсінеді, жақсы көреді”, – деді Гүлшарат Жұбаева.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста