Бұл туралы ол «Жұлдыздар отбасы» журналының кезекті санына шыққан сұхбатында айтып берді. Оның айтуынша, ол екінші әйел болып тұрмысқа шығуға шарасыздықтан барған. 27 жасында ұзатылған әнші ол кісімен дәм-тұзы жараспай, кейіннен ажырасып кеткен.
Бүгінде Гаухар Қаспақова екі бала тәрбиелеп отыр.
Айта кету керек, бүгінде қоғамда «кәрі қыздар» мәселесі аса өзекті болып отыр. Бейресми деректер бойынша, бүгінде елімізде жасы 30-дан асса да тұрмысқа әлі шықпаған қыздар саны көбейіп келеді. Бұл мәселе тіпті үкімет деңгейінде талқыланып, екінші әйел алуды заңдастыруды қолдағандар да табылған.