Гауһар Әлімбекова Мейрамбек Беспаевпен бірге ән айтудан бас тартты
Әнші, композитор Гауһар Әлімбекова әріптесі Мейрамбек Беспаев бірге дуэт айтудан бас тартқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Мейрамбек Беспаевтың өзі айтты.
Қазақстанда ең көп дуэт айтқан әншінің бірі мен шығармын. Оның арасында үлкені, кішісі, досы бар дегендей. Бір күні Гауһар Әлімбековаға дуэт жазуға ұсыныс жасағанмын. Бірақ ол бас тартты, — дейді Мейрамбек Беспаев.
Гауһар Әлімбекова әнші досына "Екеуіміз жеке әнші ретінде күшті айтамыз, сондықтан бір-бірімізге кедергі жасамайық" деп әзілдеген көрінеді.
Қазақстанда "отказ" берген жалғыз өнерпаз қыз осы Гауһар, — деді әнші.
Оқырмандар да бұған әзіл түріндегі пікірлер жазған.
"Саған "отказ" бермей жаман үйренгенсің ғой", "Мейрамбек аға өте қарапайым, ал Гауһар шын талант иесі", "Гауһар тамаша әнші", "Мейрамбек қатырды", "Сенде жүрек деп айтуың керек еді", "Есте қалу, бағалы болу үшін кейде бас тартқан дұрыс", — деген сарындағы пікірлер жазылған.