Ғасырлық тарихы бар мешіт жөнделіп жатыр

Ғасырлық тарихы бар мешіт жөнделіп жатыр

Қызылорда қаласындағы «Айтбай» мешітінің екі ғасырға жуық тарихы бар. Көненің көзін көрген жәдігердің соңғы жылдары құлау қаупі туындаған еді. Қазіргі таңда имандылық үйін қайта жаңғырту жұмыстары басталып кетті.
1878 жылы іргесі қаланған мешіт осы аралықта талай жағдайды бастан өткізген. Солақай саясаттың салдарынан ол түрлі қызметке пайдаланылды. 90-жылдардың басынан қайтадан мешіт есебінде ашылып, сәждеге бас қойған жамағатты өзінде қа­был­дай бастады. Алайда ғасырдан астам тарихы бар шаңырақты сақтау мәселесі күн тәртібінен түспей жүрді. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын мешіт жөндеуден өткізілген. Де­генмен ол тұста кем-кетік жерлер аз бол­маған екен. Енді олқылыққа жол беріл­мейді.
Ерғазы Алданазаров, Қызылорда облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің директоры:
– Өткен жылы мешіттің апатты жағдайда екенін анықтадық. «Қазреставрация» мекемесі зерттеу жасағаннан кейін осындай тоқтамға келдік. Мешіт биылғы жылдың басынан жұмысын тоқтатты. Қайта қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 114 млн теңге қаралған. Оның 38 млн теңгесі биылғы жылға қаралып отыр. Оны «Астана Сервис ЛТД» ЖШС жүргізеді. Айта кетелік, бұл мекеме – аймағымыздағы  тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жаңғыртуға лицензия алған екі серіктестіктің бірі.
Серіктестіктің бас инженері Дүйсен Қорғановтың айтуынша, үстіміздегі жылы атқарылатын жұмыстар желтоқсан айына дейін аяқталады. Осының нәтижесінде, мешіттің шатыры қайта ауыстырылады. Иман­дылық үйіне жанама салынған кіре­беріс (айва) әу бастағы қалпына келтіріл­мек. Сондай-ақ жаңа күмбез орнатылады. Қазіргісі 8 тоннаға жуық. Енді оның орнын 2 тоннаға жуық жаңа күмбез басады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста