Ғарышты қолға ұстатқан көрме

Кеше Алматы қаласы тарихының мұражайында «Ғарыш әлеміне - 50 жыл» деп аталатын көрме ашылды.
Бұл ерекше көрме адамзат ба­ласының алғаш ғарышты игере баста­ғанына 50 жыл толуына орай ұйымдас­тырылған.
Ғарышты игеру тарихына айрықша мән берген көрмеде Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығы, ҚР Та­ғам­тану институты, № 48 «Ғарыш» лице­йі­нің және №23 мектептің 9-сынып оқушысы Әлі­бек Балахметовтің жеке жинақ қорла­ры­нан алынған және Ал­маты қаласы та­рихының мұражайы қорын­дағы бірегей жәдігерлер қойылған.
Онда, негізінен, Байқоңыр ғарыш ай­ла­ғы жұмысынан хабар беретін фото­су­реттер мен зымыран тасығыштардың құ­рыл­ғы бө­­ліктері, ғарышкерлер тұтынатын тағам түр­лері, ғылыми кітаптар, сондай-ақ ға­рыш кеңістігінің игерілуіне 50 жыл толуына арнап шығарылған тиын түрлері және бас­қа да жәдігерлер жұрт назарына ұсы­нылуда.
Көрменің алғашқы күні арнайы жиын өтіп, келушілерге ғарыш тақырыбын қам­ты­­ған деректі фильм көрсетілді. Арнайы көрменің ашылу салтанатында Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орта­лығының мамандары ғарыш сала­сындағы Қазақстан жетістіктеріне тоқталып, осы бағытта атқарылып жатқан жоба-жоспарларымен бөлісті. Әсірелеп айтсақ, «ғарышты қолға ұстатқызған көрме» осы айдың ортасына дейін жалғасады.
Қаперге
Ең алғаш Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш рет Ю.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанған. Одан кейін ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалар орындалды. «Вос­ток», «Восход», «Союз», «Мир» т.б. жасан­ды жер серіктері ұшырылды.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш рет қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Сонымен қатар Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша тағы бір қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышта 1994 және 1998 жылдары екі рет болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста