Ғаламторға тәуелділік жақсылыққа апармайды

Ғаламторға тәуелділік жақсылыққа апармайды

Интернетке деген әдеттегі қызығушылықтың белгілі бір дәрежеде тәуелділікке айналып бара жатқаны рас. Бұл, шынымен де, қауіпті ме әлде бүкіләлемдік ғаламторға қатысты сыни пікірлер асыра айтылып жүр ме?
Бұл ретте жұрттар кез келген ақпаратты іздеу, табу тұрғысында оның қолды айтарлықтай ұзартып отырғанын меңзеп, «интернетсіз мүмкін емес» дейді. Мұның сыртында, ғаламтордың дүниенің төрт бұрышына түгел шашыраған ағайын-туыс, дос-жаран арасындағы қарым-қатынасты жеңілдете түсетіні де нағыз «іздегенге – сұраған» болып отыр. Сол сияқты, ғалам­тор – енді біреулердің кеңінен танылуына немесе жұмыс табуына да себепкер. Осы мақсатта бірқатар жұрттар түрлі сайттарға өздерінің әдеби шығар­маларын, кескін­демелік жұмыстарын да орналастырып жатады. Мысалы, Franz Ferdinand атты британдық топ қашан танымал болғанға дейін көпшілік жиі баратын орындарда өнер көрсете жүріп, сонымен қатар өз әндерін музыкалық сайттарға да орналас­тырған. Және кезекті концерттерінің бірін­де жиналған қауымның өз әндерін жатқа білетінін түсінген. Бірақ бұл әлемдік ғалам­тордың көмегімен аты шыққан әзірге жалғыз топ көрінеді.
Қалай дегенмен де, табалдырықтан аттай салысымен компьютерге жүгіріп, ғалам­тордан көз айырмауды әдетке айнал­дырған адамдардың қылығы ойлануға еріксіз мәжбүр етеді. Бұл ретте интернет-тәуелділік әлдекімнің ғаламтордағы өмірді бәрінен жоғары қойып, өзінің виртуалды «тұрмысын» мүмкіндігінше байытуға, жан-жақты жарақтандыруға жанын сала кірі­суінен көрінеді. Және бұл іс жүзінде адам­ның шынайы өмірден бас тартуына алып келеді. Ал неғұрлым көбірек жолдас-жора, таныс табу немесе виртуалды әлемді толтыруға тырысу жеке тұлғаның орнын алмастыруға алып келеді.
Психолог мамандардың пікірінше, ғаламторға тәуелділіктен организмде айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды, бірақ бұл адамды невроз жағдайына душар етуі ықтимал. Онда да, мысалы, тәуелділіктің дәстүрлі түрлері жылдар бойы қалыптасса, ғаламторға тәуелділік аяқ астынан және қарқынды түрде дамуы мүмкін. Бір анығы, оған тәуелділердің көпшілігі өзгелермен байланысқа түсу, қарым-қатынас жасау үшін ғаламтор желісінде «өмір сүреді» және бұл дертті «жұқтырғандар» саны шынайы өмірдегі қарым-қатынас пен виртуалды байланыс арасындағы үлкен айырмашылық есебінен өсіп отырады. Ең бастысы, виртуалды әлемде кіммен, қалай байланыс жасасаң да, шын аты-жөніңді көрсетпеуіңе болады. Мысалы, әдетте, жанындағылармен жақын сөйлесе алмайтын, ойын ашық жеткізуге қысылатын ұялшақ адамның өзі ғаламторда кіммен болсын, күні-түні еркін сөйлесіп, әркім­дермен ой бөлісіп, өзін тамаша сезіне ала­ды. Алайда, ең өкініштісі, маңайындағы жақын адамдарымен арасы ашылған үстіне ашыла береді. Әрине, интернетке жұмыс бабымен «байланған» адамның тірлігі – бір басқа, ал егер бұл «байлану» белгілі бір мақсаттан ада болса, онда арнайы мамандардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Себебі ғаламторға тәуелділік түбі жақсылыққа апармайды.
Интернет жалпыға бірдей қолжетімді бола бастағаннан-ақ мектеп жасындағы балалары бар ата-аналар ерекше дабыл қаққан. Өйткені балалар шынайы өмірден гөрі, виртуалды әлемге ерекше бой ұра түскен. Мұны психологтар ата-аналардың өз перзенттеріне жеткілікті түрде көңіл бөлмейтіндігінің салдары ретінде түсін­діреді. Сол себепті де балалар бар қызықты ғаламтордан іздейді. Яғни ата-анасы та­рапынан бос қалған кеңістікті бала интер­неттің көмегімен толтыруға мәжбүр бо­лады. Сондықтан жұмысы қаншалықты қауырт болса да, егер баласының бола­шағын шынымен ойласа, әрбір ата-ананың өз перзентіне көңіл бөлуге уақыт тапқаны абзал.

Қаперге!
Ғаламторға тәуелділіктің бірер белгісі:
• Балаңыз айналасындағы адамдармен, достарымен араласуды сиретеді;
• Бұрынғыдай әр нәрсеге сезімталдық, сергектік танытпайды;
• Қоршаған ортаға деген қызығушылығы жоғалады;
• Уақыты мен назарының көпшілігі виртуалды әлемге ауады;
• Тағамға тәбеті нашарлап, бойын енжарлық, самарқаулық билейді.

Майра АЙСИНА, Парламент депутаты:
– Компьютерлік клубтарға баратын 12-13 жастағы мектеп оқушыларының 80 пайызында физиологиялық биоритмдердің бұзылуы байқалады, олардың 10 пайызында жүйке күйзелуі, әрбір бесіншісінде бас ауруы, ұйқының қалыпсыздығы, әрбір үшіншісінде көз көруінің нашарлауы бар...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста