Ғабеңнің жарияланбаған жыры

 

Ғабиден ағам, Алаштың айтулы жазушысы Ғабиден Құлахметті айтамын, егер ортамызда болғанда, ердің жасы елу бесін тойлап жатар еді. «Ағам» деп меншіктеп айтуымның өзіндік сыры бар. Қолыма алғаш қалам ұстап,   жаза бастаған кезім. Алматыда өтетін жас ақын-жазушылардың жиынына баратын бола қалдық.

ҒҰМЫР-ДЕРЕК
Ғабиден ҚҰЛАХМЕТ (1955-2006) – ақын, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, кейінірек Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген. «Көл түбіне кеткен ел», «Ұрпағың үзілмесін», «Ердің сыны», «Серінің соңғы сәлемі», «Үйірі жоқ көкжал» секілді жұрт қолдан-қолға тигізбей оқитын прозалық кітаптардың авторы. «Көзімнің қарасы», «Ақбастау» атты жыр жинақтары шыққан.

Бізді бастап барған аузымен құс тістеген ақын Серік Ақсұңқарұлы бізді, алдымен, Жазушылар одағының сол кездегі хатшыларының бірі Ғабиден ағаға таныстырды. «Көл түбіне кеткен ел» шығармасы арқылы бала кезден өте жақын есім! Таныстықтан соң бірге тамақтануға жиналып, сыртқа шықтық. Менің «Бесбоғда Алтай» дейтін әдеби есіммен жазатынымды көлікке мінген кезде ғана естіді. «Жіберген әңгімелеріңді оқығанымда, Мәскеуде бірге оқыған жан досым, марқұм Қуанған Жұмаханұлы есіме түсе берді. Сөз саптауың ғана емес, мінез-құлқың да қатты ұқсайды екен. Шіркін, топырақ-ай...» – деп ақырын күрсінді. Дауысындағы болар-болмас өзгерістің өзінен ол кісінің қалай толқып кеткенін аңғарып қалдым. Бірақ құрыштан құйғандай келісті тұлғасы мен жігерлі үні жазушы жанының нәзік иірімдерін жасырып тұратын секілді. Тек отты жанарлар машинаның терезесіне бұрыла бергенде ғана іштегі арпалыстан хабар беріп қалды. Маған сол кез жер бетінде мұндай қайратты адам жоқ іспетті көрініп еді. Жазушы әрі ақын Ғабиден Құлахмет менің көңілімде дәл осы бейнесімен ғажап бір шебер қолмен түсіріліп алынған сурет іспетті болып сақталып қалды. Кейінгі кездесулерімдегі бейнелерін шарқ ұрып іздеп, таба алмаймын.

Ер мінезді есіл аға, Сіздің осы бір қайталанбас бейнеңіздің менің ғана емес, нешеме жүздеген мың оқырманның көңіліне де берік орнап қалғанына күмәнданбаймын. Бір қателескеніміз – арамыздан ерте кетер деп әсте ойламаппыз. Әйтпесе уақытымыздың бәрін бірге өткізуге тырысар едік-ау! Қазір өкінемін. Өкінем... Айтпақшы, мынау өлеңді ұлыңыз Ғазиздің қолынан ат-түйедей қалап алып едім. Еш жерде жарияланбаған. Орман-оқырманыңыздың назарына ұсынайын деп шештім.

Біз бармыз...

Біз көппіз. Қараңғы түнекпіз,
Кірпігін шылаған сүмек мұз.
Құрсанған қимылсыз лекпіз,
Біз жоқпыз. Жабайы жүрекпіз.

Біз көппіз. Тұғыр тас іргеміз,
Тоң жерге тобықтан кіргенбіз.
Туған ел мен мұңымен біргеміз,
Біз жоқпыз. Миллион сүлдеміз.

Біз көппіз. Жұлдыз боп туғанбыз,
Шыныдай шытынап сынғанбыз.
Үмітсіз, ұрланған жылдармыз ,
Біз жоқпыз. Біз азбыз. Біз бармыз!

Біз азбыз. Жалғызбыз, жарымбыз,
Қидалап кесіңіз, шабыңыз.
Түбірден түңілмес тамырмыз,
Біз бармыз. Тәкаппар тағдырмыз!

Біз азбыз. Құсамыз ер өлген,
Жоғалған жарқылмыз өлеңнен.
Оянған толқынбыз тереңде,
Біз бармыз. Өмірміз өлермен!

Біз көппіз. Жиылсақ қиырдан,
Біз жоқпыз. Шықпасақ шиырдан.
Біз азбыз қайғы алған қиыннан,
Біз бармыз. Қайнаған түйір қан!

Біз көппіз. Қан құсқан іңірміз.
Мылқаудың қыстыққан үніміз.
Үміті ұрланған ғұмырмыз,
Біз жоқпыз. Біз бармыз. Тіріміз!

Біз көппіз. Тұтаспыз. Жөн білсең,
Біз жоқпыз, емінсең, бөлінсең.
Біз азбыз шындықтан шегінсең,
Біз бармыз, асқақ рух, өміршең!

P.S.
     Сол көптің көз жасы кеппей тұр,
     Ай тумай, өлара өтпей тұр.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста