Бүгінде компьютердің "құдіретімен" бұлбұлға айналып, халықтың "ыстық ықыласына" ие болып жүрген әншілер қазақ эстрадасында жетерлік. Тіпті, фонограмманы олар - тығырықтан шығудың ең оңай жолы деп санайды.
«Ән айтсаң, жаныңды жеп айт». Осы қағиданы дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман берік ұстанған. Сондықтан болар, сахнада орындайтын әндерін осы күнге дейін компьютердің көмегімен айтып көрмепті.
Фонограммаға жаны қас өнер иесі бүгінде шоу- бизнесте "әнші сымақтардың" көбейіп кеткеніне күйінеді. Егерде оларды нағыз додаға салып сынап көретін болса, біразы өнерден сырылып қалатына да сенімді.
Дәстүрлі әнші арнайы заңның болуын талап етсе, ал танымал өнертанушы Ерлан Төлеутай бүгінгі қазақ эстрадасының деңгейіне көңілі толмайтынын баспасөз беттерінде ашық білдірген. Тіпті, фонограммен ән айтуды - харам деп кесіп айтты.
"Фонограммамен ән айту- харам! Дискіге жазылып алынған дауысқа ілесіп сахнада ауыз жыбырлатып тұрғанның несі өнер? Түптеп келгенде, бұл халықты алдау, харам жолмен ақша табу ғой. Фонограммамен ән айту өнер емес!". ТМД елдерінің барлығы фонограммаға әлде қашан тыйым салған. Алайда, бұл қатарға Қазақстан енбей отыр.
Зерттеушінің айтуынша Германия, Қытай сынды елдерде сахнада өтірік аузын жыбырлатып, халықты алдаса жоғары көлемде айыппұл төлейтін көрінеді.
Еуропада фонограмма деген ұғым атымен жоқ. Тіпті, көрші қырғыздардың өзі бас тартқан. Ал Америкада оған рұқсат бар, бірақ шығармашылық концерттердің афишасында «фонограмма» деген ескертпе міндетті түрде жазылып тұрады екен.
Ал, дәстүрлі және эстрада әндерін қатар шырқайтын Айгүл Қосанова фонограммадан бас тарту үшін әлі 20 жылдай уақыт қажет деген пікірде. Себебі, той мен концерттерде көбінесе әншіден өңделген әндерін сұрайтын көрінеді.
Телевидениеде фонограмма сұрап жатады. Ол неліктен деп ойлайсыз біз мысалға домбырамен ән айтуға барсақ міндетті түрде домбырамен ән айтатын адамның ойында мен фонограмма алып барамын деген ой болмайды. Егер шақырса тірідей ән айтамын деп барамын.
Компьютердің көмегімен өңделген әнді орындаған әншінің дауысымен шеберлігін білуге болады.
Алайда, әншіМәдинаСәдуақасоважандыдауыстаайтуданкетеарыемес. Келесі жылы жанды дауыста жеке концертін өткізуді көздеп отыр.
Фонограммасыз концерттердің барлығын өткізу керек. Өйткені сенің концертіңе халық келді ме, көрермен міндетті түрде жанды дауысты тыңдау керек. Ал енді көптеген түсірілімдер болады, жобалар болады олар фонограммада өту керек.
31.kz