Фатима тағдыры – ұрпаққа өнеге

Фатима тағдыры – ұрпаққа өнеге

Қазақта қайраткер әйелдер аз болмаған. Алдағы уақытта еліміздің сахналарында халқымыздың ұлы суреткер қаламгері Мұхтар Әуезовтің жары ардақты Фатима Ғабитованың тағдырлы ғұмырын баяндайтын драмалық спектакль қойылмақ. Осы орайда Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахмановпен аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.

Мұрат Ахманов, режиссер:

– Көрнекті ақын, драматург Иран-Ға­йып­тың «Фатима» шығармасын сах­наға қой­мақшы екенсіз. Осы орай­да ерекше ақынның жазу стилін бей­нелі образдармен алып шығу қанша­лықты қиын болды?
– Иран-Ғайып ағамыздың драматур­гия­сымен көптен бері таныспын. Бірінші қой­ған қойылымым – «Алтын ажал» деген трагедиясы. «Ана аманаты» деген атпен Қызылорда театрында бас жүлде алдық. Содан кейін бұл кісінің «Махамбет» дра­масын қойғанмын. Бұл қойылым үлкен бір фестивальда бірінші орын алған. Иран-Ғайыптың өлеңді басқалардан өзгеше жазатын ақын екенін бәріміз жақсы біле­міз. Әрбір сөзінде, сөйлемінде, әрбір көрі­нісінде қимыл бар. Режиссураны мықты меңгерген, сахнаға қажетті сұра­ныстардың барлығын ретімен үйлестіріп түзе білетін драматург. Фатима Ғабито­ва­ның өмір­баянынан бұл кісінің алдыңғы Б.Сүлеев, І.Жансүгіровтен айырылатын сәт­терін, со­сын үшінші жары Мұхтар Әуе­зовпен кез­десетін сәтін алған. Сол заман­дардағы 1916 жылдан бергі қазақ­тың басындағы жайттардың бәрі өтеді ғой. Фатиманың өмір жолы сондай ауыр кезеңдерге келген. Аштықты, репрес­сияны, революцияны, Ұлы Отан соғысын бастан кешірген, жеті құрсақ көтерген қайсар ана. Соның алтауы жетіліп, соғыс­тан аман шығады. Майданда Жәнібек деген баласы қайтыс болады. Драманы алғаш оқыған кезде театрдың көркемдік кеңесінде кәдімгідей тартысты талқы өтті. «Фатиманы» сахналау қажет пе деген де ойлар айтылды. Дегенмен бара-бара ойға салып көрсек, балаларын қиын нәубеттен аман шығарып, тәрбиелеп-өсіру үшін де қаншама шыдамдылық, аналық қамқорлық, қайсарлық керек. Балалары үш әкеден болса да, оларды бір әкенің баласындай лайықты дәрежеде өсіре білген. Міне, осындай тағдырлы ғұмырдың драмаға толы көріністері бізді ақыры қызықтырды. Осы анамыздың тағ­дыры арқылы мен сахнада жалпы қазақ­тың басынан өткен сұрапыл кезеңдерді көрсеткім келеді. Қойылымда Фатима образымен қатар, балаларының да бей­несі ұсынылады. Бұл драмалық спектакль сонысымен балалар театрына керек бол­ды. Мәселе онда да емес. Бұл үл­кен «Ана» үш арысымыздан өзінен аумай­тын үш ұл тауып беріп отыр. Олардың бәрі қазір – елге қызмет етіп жүрген азаматтар. Туын­дының тәр­биелік мәні басым. Өйткені бүгінгі ала­сапыран заманда бабаларын өзекке теп­кен қаншама сормаңдай қыз бен ата-ана бар.
Ал біздің Фатимадай аналарымыз не­бір зұлмат кезеңдерде де азаматтары мен балаларына барынша адал болған, ол­ар­ды жеткізіп, жетілдірген.
– Күрмеуі қиын кезеңді басынан ке­шірген тұлғалардың әйелінің рөлін сомдау оңайға соқпас, осы орайда Фа­ти­ма обра­зын алып шығу кімге сеніп тапсырылды?
– Фатима рөліне екі актриса қыз таң­далып отыр. Олар – Ақмарал Дай­рабаева мен Ақбота Қаймақбаева. Тұрмысқа шық­паған кезеңдерін Динара, Арай, Гүлдана есімді жас актрисалар ойнайды. Қойы­лымның екі құрамын да жасақтап жатыр­мыз. Салыстырмалы түрде ал­ғанда, қайсы құрам туындыны жақсы алып шығады деген мақсат қой біз­дікі. Ме­ніңше, алдағы уақыт­та көрер­мен көңі­лінен шығуға болатын сияқты.
– Шығармада Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов бар. Осы тұрғыда қойылым қандай жанрда болмақ?
– Негізінен, түр-сипатының, болмысы­ның ұқсастығын іздеп келіп отырған жоқ­пын. Сол кездегі драматургияда жазыл­ғандай, басты мәселе – адам­дардың жан дүниесін ашу. Төң­керістен кейінгі қоғам, 1937 жылғы алашапқын, «халық жауы» деген жаланың өршуі, соғыс жылдары, кеңес өкіме­тінің қызыл саясаты – осындай тарихи кезеңдер бір қойы­лымда бір ананың және үш бірдей қайраткер қалам­гердің образы арқылы көрсетілмек. Қо­йылым жанры драма бола­ды. Көлеңкелі театр элемент­терін де қолданамыз. Белгілі композитор Болатбек Нұрқа­сымовқа му­зы­ка жаздырып жатырмыз. Қойылымға балетмейстер жалдап, халық­тың тарихи оқиғаларын іс-әрекет, қимыл­мен, бимен шеше отырып көрсетпекпіз.
– Әңгімеңізге рақмет! Шығармашы­лық табыстар тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста