Фарида мен Еркені салыстырғандарға Лұқпан Жолдасов пікір білдірді

 Төреғали Төреәлі нәзік жанды эстрада жұлдыздарымен ән айтқанды ұнатады. Оған дәлел әншінің бір емес, бірнеше әнші арумен құрған дуэті. Әсіресе, олардың ішінде Ерке Есмахан мен Фарида Жолдасованы теңеп, салыстыратындар көп. Бұл туралы stan.kz жазды.
Бұған дейін Төреғали Төреәлі мен Фарида Жолдасованың тағы да дуэт жаздырғанын хабарлаған едік. «Тамшылар» деп аталатын туындының авторы – Ұлықпан Жолдасовтың өзі. Композитордың айтуынша, ең алғаш, бұл әннің ағылшынша нұсқасы жазылған екен. Төреғалимен дуэт құру, сол арқылы танымалдылықты арттыру жұлдызды әкенің ойына да кіріп шықпапты.
«Бұл әннің ағылшынша нұсқасы бар. Фаридаға ағылшынша айтқызып жатқанбыз. Ол енді Еуропа жаққа, Қазақстанға емес. Сондай ой болған. Ойламаған жерден Төреғали: «Айтып көрейік, бұл жақта да, ол жақта жүре берсін» деп ұсыныс тастады. Жарайды, жазсақ жазып көрейік дедік. Сәтті шығып жатса, оны көрерміз дедім. Сәтті шыққан сияқты. Қайдан білейін. Оның бағасын тыңдарман берер… «Ана жерде «Алло» деген ән шығыпты Ерке Есмаханмен. Біз де сол сияқты дуэт жасайық, Ерке Есмаханмен жарысайық деген ой болған жоқ. Еркенің өзінің жолы бар. Жақсы әнші, Құдайға шүкір. Ал Фарида 5 жасынан танылған әнші ғой. Оны халықтың өзі біледі», – деп пікір білдірді Жолдасов Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.
Одан кейін продюсер әке Фариданың ел алдында ән салып жүруіне тек оның таланты себепші екенін баса айтты.
«Мен қанша ақша салайын, қанша беделімді пайдаланайын, шықпайтын адам шықпайды ғой. Бір кісілер мысалы біраз ақшаларын жұмсап, беделдігін, телеарналардағы таныстарын пайдаланып, біраз әншілер тыраштанып көрді, көріп те жатыр. Оны халық керек қылмаса, жүреді, ақшасын қашанғы шаша берсін? Ол да шаршайды, ол да қояды. Ондай ештеңе жоқ, тыңдамайтын адам қояды. Ал Фариданың өзінің тыңдарманы бар», – деді Жолдасов.

seykhuninfo.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста