Этнографиялық әңгімелер жарық көрді

Этнографиялық әңгімелер жарық көрді

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Қасымхан Бегманов этнограф ғалым Жағда Бабалықұлымен сыр-сұхбаттан тұратын «Этнографпен әңгіме» және «Салты мықтының – халқы мықты» атты жаңа кітаптарының тұсаукесерін өткізді. Қасымхан Бегмановтың айтуынша, туындылар қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына арналған таптырмас мұра.
ҚР Ұлттық кітапханасында өткен тұсау­ке­серге ғалымдар, қоғам қайраткерлері жи­налды. Этнограф ғалым Жағда Баба­лық­ұлының мұрасын жан-жақты сөз еткен олар Қасымхан ақынның сыр-сұхбат түрін­де шығарған еңбегіне тәнті болды. Жағда Ба­балықұлының қасында жүріп, көзі тірі­сінде қазақтың фольклорын жазып алған Қа­сымхан ақынның айтуынша, респуб­ли­калық «Дәстүр» баспасынан шыққан «Эт­нографпен әңгіме» кітабында аса көрнекті этног­раф ғалым Жағда ағамыздың өміріне қатысты және халқымыздың ұмыт бола бас­таған салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мә­дениеті, көне сөздері, ұлттық киімі, таға­мы, саятшылық дәстүрі тағы басқа де­ректер қамтылған. «Салты мықтының – хал­қы мықты» кітабы «Өлке» баспасынан шық­қан, автор тарапынан бірнеше бөлім­дер мен тарауларға бөлініп, оқырманға ық­шамдалып ұсынылған. Қос кітап та хал­қымыздың ата-салтын насихаттайды.
Асылы ОСМАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:
– Жағда Бабалықұлы дарынды тұл­ға еді. Ол сөйлегенде де ұлттық рухта сөй­лейтін. Көненің көзі ретінде қазақ фоль­клорын терең білді. Тағдырдың ол кісі­ге берген сыйы мол деп есептеймін. Бо­­йына сіңіріп, барын халқына жұмса­ды. Қасым­хан­ның бүгінгі еңбегі келе­ше­гіміз үшін аса қа­жет. Себебі ол – тарих, ол – дәстүр.

Қасымхан БЕГМАНОВ, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, туындылардың авторы:
– Мен Жағда Бабалықұлын қаланың ор­та­с­ында отырған үлкен қазына деп ой­ла­дым. Себебі қасымда отыр, архив­ке бар­май­сың, басқа мемлекеттерге ат­танбайсың. Ол кісімен 2-3 жылдың кө­лемінде тығыз жұ­мыс жасадық. Ап­таның әр күнінде 3-4 сағат­тан фольклор тура­лы әңгімелесіп, со­сын кітапқа ұла­сып кетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста