Белгілі эстрада жұлдызы Жанар Дұғалова алдағы айда тұрмысқа шығатынын растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Ол тележурналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында тойға дайындалып жүргенін айтты.
Иә, бұл рас. Мен тұрмысқа шығамын. Тағдырымыз біз жолықпай тұрып тоғысқан екен. Тіпті, біз бір жолмен жүріп, бір дүкенге барған екенбіз. Екеуіміз де Мәскеуде оқығанбыз. Алайда кездескен емеспіз, – деді Жанар Дұғалова.
Ол екеуі де Мәскеуде оқығанымен, осы жақта танысқандарын айтты. Күйеу жігітте өнер әлемінен емес екен.
Жан-жақты, ерекше адам. Үнемі махаббатпен, сезіммен ғана тұрмысқа шыққым келетін. Сол тілегім орындалды. Ешқандай есепсіз, жоспарсыз, махаббатпен тұрмысқа шығып жатырмын. Отбасы құруды наурыз айына жоспарлап отырмыз, – деді әнші.
Ол бұған дейін ел арасында Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекпен көңілдес екен деген әңгімеге жауап берген еді.