"Еспановсыз да таңымыз атады": Жұлдызай Дүйсенбиева елімізге танымал әншімен неліктен ұрысқанын ашып айтты

Өзінің алғашқы фильмін түсіріп, ел назарына ұсынған Жұлдызай Дүйсенбиева түсірілім барысында Нұрлан Еспановпен сөзге келіп қалды. Аталған видео әлеуметтік желіде кеңінен таралып, сол оқиғаға қатысты актриса алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бұл - пиар емес, бұл шын болған жағдай. Нұрлан аға өзі жеңіл ғой. Бірдеңе айтсаң, түсінбей қаласың. Қартаяйын деді-ау сол кісі, өзіне қабылдап қалады екен. Мен ештеңе дегенім жоқ. Қайта-қайта дубльдер болып жатыр. Кейбір дубль ұзарып кетеді. Білмейміз ғой, тез түсіп кетеміз деп ойладық. Ар жағында қанша команда жұмыс істеп жатыр. Су шашып, соны төбеден түсіретін кранды бәленбай мыңға алып келгенбіз. Сол кран кетейін деп жатыр. Ал біз Еспановты түсіріп алуымыз керек. Ол кісі: "Тойым бар, кетем", - дейді. "Көке күте тұрыңыз, ертең маған кранды жалдау екі есе шығын болады", - дедім. Ол кісі аздап нетіп қалды... Сосын: "Еспановыз да таңымыз атып, тауығымыз шақырады", - деп айттым. Сол күні қатты суық болды. Сол кісіге суық өтіп кетті-ау", - дейді Жұлдызай. Еске сала кетейік, бұған дейін Дүйсенбиева өнердегі ұстазы Уәлибек Әбдірайымовпен не үшін ренжіскенін айтқан болатын. Сондай-ақ фильм түсіруге Бағлан Әбдірайымовпен арадағы түсініспеушілік себеп болғанын да жасырған жоқ. 

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста