Әсел Сәдуақасова өзінің 13 жыл бұрын қандай болғанын көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Отандық актрисаның жүктеген ескі суреті желіде қызу талқыға түскен деп жазады NUR.KZ.
Әсел Сәдуақасова өнер әлеміне жеке әнші ретінде аяқ басқан кезеңін еске алып, Instagram желісіне 13 жыл бұрынғы суретін жариялаған. Актриса шығармашылыққа алғашқы қадам жасаған кезде қандай болғанын өз оқырмандарына көрсетіп бөліскен.
" Мына суретті тауып алдым. Шамамен 13-14 жыл бұрын жасалған. Ол кезде мен Аяри атымен жеке әншілікке бет бұрған сәтім. Оны маған сол кездегі продюсерім Баян қойып берді. Менің бейнебаяндарым кімнің есіңде? Ол кездері маған ешкім төсің ашық тұратын қысқа киім үшін керағар сыни пікірлер айтпаған болатын" , - деп жазды суреттің астына ол.
Желі қолданушылар актрисаның жазбасына қатысты екі түрлі ой білдірді. Бірі Сәдуақасованың әншілігі мен сол кездегі түріне тәнті болса, енді бірі оның қазіргі таңда әлдеқайда сұлу екенін алға тартты.