Ескерткіштер ескірсе...

 Өңірдің өткенінен сыр шертетін тарихи мұралар мен ескерткіштердің бүгінде бәрі бірдей қажетті деңгейде қамқорлық құшағына алынды деу артық. Ақиқатын айту керек, біраз игі істер атқарылып жатқанымен, әлі көп жәдігердің жайына көңіл алаң. «Бұған көбіне-көп қаржының тапшылығы – қолбайлау», – дейді жергілікті мәдениет саласы өкілдері.
Алмагүл Сұлтанова

Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының дерегі бойынша, аймақта бүгінде алты республикалық, 722 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тіркелген. Олардың 93-і – қала құрылысы және сәулет, қалған 635-і – археологиялық ескерткіштер. Бір қуантарлығы, соңғы жылдары келмеске кеткен жылдардың жәдігерлерін жаңғыртуға және оларды сұрыптауға баса көңіл бөлініп, саф алтындай салмақтылары мұқият бақылауға алынған. Атап айтар болсақ, ХІХ ғасырдың басында бой көтерген, бір кездері жекеменшікке өтіп кеткен көпес Кияткин мен Лорецтердің үйі, Халық үйі мен сурет галереясы төрт жыл ішінде түгелдей мемлекет меншігіне қайтарып алынды. Халық үйін күрделі жөндеуден өткізіп, жандандыру арқылы 1937-38 жылдары Алаш арыстарына ажал құштырған «ату қабырғасы» қалыпқа келтіріліп, бүгінде аспан астындағы ашық мұражайға айналды. 100 жыл бойы жөндеу көрмеген Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Жол картасы» аясында 300 млн теңге қаржы құйылып, күні бүгін жаңа кейіпке енгізілуде. Алайда ата-бабаның көзіндей болған кейбір тарихи жәдігерлер мен ордалардың ойсырап тұрғаны – шындық.

Сәуле БӨРІБАЕВА, Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының бастығы:
– Тарихи мұралар мен ескерткіштерді сақтау барысында нақты екі мәселені қолға алу әлі де болса кемшін түсіп отырғаны – ақиқат. Біріншіден, ХХ ғасырдың басында не ортасында жасалған көп дүниеге күтімнің сыртында, күрделі жөндеу жүргізуіміз керек. Тобыл төсінде туған, барша қазаққа білім шуағын шашқан ағартушы Ы.Алтынсарин ескерткіші өз заманында керемет болғанымен, бұл сәулет туындысы қазіргі талапқа сай келмейді. Орнын ауыстырдық. Енді бұрындары еңкіш тартып тұрған тұлғаның бейнесін тіктеп, кетігі кеткен жерін жамап, жаңартпақпыз. Аманкелді ауданына қарасты Үрпек ауылында тұрған ұлт-азаттық көтерілістің қас батыры Аманкелді Имановтың мүсіні де мүсіркеп тұр. Осындай сыры кетіп, сыны тайған дүниелерді қалпына келтіру біздің қолдан келетін іс емес. Ол үшін әр аймақта қайта қалпына келтіру (реставрациялық) орталықтарын ашу қажет. Тек сонда ғана біз оларды ғылыми негізге түскен, тарихи фактімен ұштасатын, бір жүйедегі жәдігер етіп шығара аламыз. Өкінішке қарай, ондай орталық жоқ. Ал Алматыдағы жалғыз орталықты шақырту үшін қыруар қаржы керек, оған шама жетпейді. Екіншіден, «Ұлылар туған мекен» деген сияқты ұранмен Алаштың арда ұлдары, атақты тұлғалары шыққан елді мекендерді сақтап қалу жағын қолға алу керек. Мысалы, жақында Шоқан Уәлиханов туған Күнтиместе болдым. 200-дей жан қалыпты. Шоқан су ішкен құдық, Шыңғыс мінәжат еткен мешіттің орны ғана қалған.

Өзге жерлерден көшіп жатқандарды осындай жерлерге топтастырып, олардың мал мен егін шаруашылығын дамытуына мемлекеттік бағдарламалар арқылы жол ашу керек. Әйтпесе, күні ертең сипарға орнын таба алмай, опық жеп қалуымыз мүмкін. Ал үйлестіре білсек, осының бәрі этнотуризмді дамытуға тікелей тиек болар еді. Әрине, мұның бәрі – әзірге арман, бірақ осы жұмыстарды жүзеге асырудың мемлекеттік жүйесін жасаудың кезі келгені анық.

Қыжыл
Таран ауданында Бейімбет Майлин туған Ақтөбе ауылы бар. Кезінде Майлиннің 100 жылдығында әр совхоз салған қаншама сәулетті үйлер қазір қаңырап тұр. Жұрт жан-жаққа көшіп, киелі бесік иесіз қалудың алдында тұрған жайы бар. Ахмет туған Ақкөл ше? Қазақ журналистикасының «қарлығашы» «Айқапты» ашқан Мұхамеджан Сералин туған Қарабалық ауданындағы Өрнек ауылының да өмірі қыл үстінде. Осындай ұлыларымыздың кіндік қаны тамған жерді келешек жас ұрпаққа үлгі ету үшін сондай тарихы тереңде жатқан жерлер тіршілігін жандандыруды неге қолға алмасқа?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста