Есірткі тасымалдаған әншіге іздеу жарияланды

Есірткі тасымалдаған әншіге іздеу жарияланды

WhatsApp мессенджерінде танымал айтыскер ақын әрі әнші Аян Сейітовті іздеу жұмыстары жүріп жатқаны туралы хабарлама таралып кетті.

 

Бағыттама мәтінінде Сейітовтің есірткі затын заңсыз иеленіп, сақтап, халық денсаулығына қатысты қылмыстық теріс қылық жасағаны жазылған.

 

Осыған орай, KAZ.NUR.KZ оқиғаның мән-жайын анықтады. Аян Сейітовті іздеу жұмыстарына арналған бағыттаманы Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімі таратқан.

 

"Аян Сейітов Арал ауданынан таксиге отырып, Ақтөбе қаласына қарай жол тартқан кезінде ұсталды. Ол күдікті көрінген соң, полицейлер тексеру жүргізген. Тексеру барысында Аяннан 975,62 грамм марихуана табылды. Ол алдымен Сексеуіл ауылына келіп, кейін Аралдан Ақтөбеге бет алған болатын. Бұл қылмыстық теріс қылық саналады. Сол себепті, оны қамауға рұқсат жоқ. Тек қолхатпен босаттық. Бұл қаңтар айында болған оқиға. Кейін Аян Сейітов 24 ақпан күні өтетін сотқа келген жоқ. Өз еркімен келмеген соң, біз іздеу жұмыстарын бастап, бағыттама жариялап жатырмыз", - дейді Арал аудандық полиция бөлімінің мамандары.

 

Бағыттамада Аян Сейітовтің қызық түсті курткасы, қара түсті шалбары және қара түсті етігі бары жазылған. Бойы 175-180 сантиметр, шашы қара түсті, қалың, дене бітімі арықша келген.

 

Айта кетелік, Аян Сейітов халыққа айтыскер ақын ретінде танылды. Кейін әншілікке бет бұрған оның "Ауылым" атты әні елге кеңінен таралды. Сондай-ақ, Аян Сейітов Төреғали Төреәлі, Қайнар Алагөзов және Құрал Молжановпен бірге "Достығымыз жарасқан" атты концерт өткізген болатын.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста