Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жұбайын еске алып, жазба жариялады. Оның күйеуі Қайрат Беркімбаевтың өмірден өткеніне бүгін жүз күн толған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Балалар өсті деген осы ғой. Өткенде келін хабарласып, "Әкеміздің жүз күндігіне құран бағыштағалы жатырмыз. Тәте, Алматыға келе аласыздар ма?" дегесін, жолға шықтым. Мүмкіндік болса, "Қайрекеңнің басына барып қайтайын" дедім. Жүз күн өте шықты. Уақыт деген қалай зымырайды? Мүмкіндіктеріңіз болса, менің Қайрекеме құран бағыштап, дұға жасап қойыңыздаршы. Өзімді қоярға жер таппағанда, барынша көңілімді ұсақ-түйекпен аулап, ойымды жинаймын. Мұңайып жыламауға, есеюге тырысып келемін. Әлі күнге есікке қарап елеңдеймін. Әдеттегідей жарқын жүзімен кіріп келетін сияқты. Әлі күнге түсімде көремін, сырымды айтамын. "Өңім болса екен" деймін", - деді Ләйлә Сұлтанқызы. Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Беркімбаев 2022 жылдың қарашасында өмірден өткен болатын.