Ернар Айдарды карантин кезінде ұтыс ойынын ойнатқаны үшін полицейлер алып кетті. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Соңғы уақытта ұтыс ойынын ойнатуды жиілетіп ұйымдастыратын жұлдыздар өте көп.
Ол тізімнің алдыңғы қатарында Ернар Айдар да бар.
Төрт көлік пен бірнеше пәтер сыйға тартқан Ернар Айдардың басы бұл жолы дауға қалған сияқты.
Елімізде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан ұтыс ойынын өткізіп жатқанда, полицейлер кіріп келгенін видеодан көре аласыздар.
Бұл жағдай тікелей ұтыс ойынына қатысты екендігін желі қолданушылары жазып жатыр.
Мәселенің мән-жайын білуге әншінің көмекшісіне хабарласқан едік телефон сөндірулі.
Дау немен аяқталғанын алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.
ВИДЕО: www.youtube.com/watch