Көпшіліктен үйленгенін жасырған Ернар Айдар күтпеген жерден келіншегін көрсетті деп жазады NUR.KZ.
Әнші желідегі парақшасында жарының суретін жариялап, сезімге толы жазба арнады.
"Махаббат сынағанда, сынағанда;
Тағдырдың толқыны ұрып еңсең бір сәт құлағанда;
Адасып сезім түсіп қалмау үшін бұралаңға,
Бір адам керек екен
Өмірде бір адамға", - деді әнші.
Ал желі қолданушылары Ернар Айдарға бақыт тіледі.
"Шаңырақтарыңыз сәбиге толсын", "Бақытты болыңыздар", "Керемет жарасып тұрсыздар" деп жарыса жазды оқырмандар.