Ернар Айдар ресми үйленгенін алғаш рет Хабар арнасындағы «Тікелей эфир» бағдарламасында айтты. Әнші көпшілік алдында жұбайының махрға не сұрағанын да жариялады.
Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.
«Ол енді өзімнен сұрады ғой, айта беруге бола ма оны? Сыйлық көп негізі, әйел адам көп сұрайды екен. «Ән сыйла» дейді, негізі алтын алқа сұрады», — деді әнші.
Әнші үйлену тойына 600 адам шақырып, 100 мың доллар (33 млн теңге) қаражат жұмсаған.
Еске салсақ, Ернар Айдар биылғы жазда шаңырақ көтерді. Әнші өзінің тойын жақындарымен ғана тойлап, БАҚ өкілдеріне отбасылы болғанын жарияламаған еді.