Бүгін Халықаралық Түркі академиясының музейіне ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин 70 жебеден тұратын өзінің жеке коллекциясын сыйға тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жәдігерлер хронологиялық тұрғыдан тас дәуірінен бастап ХІХ ғасырға дейінгі аралыққа жатады. Ежелгі садақтардың оқтары көбінесе сақ, ғұн және түркі жауынгерлеріне тән. Коллекционердің жәдігерлерді жинауына моңғолиялық зерттеуші Сұраған Рахметұлы үлес қосқан.
Айта өтейік, өткен жылы қайта жаңғыртылған Түркі академиясының музейі бүгінгі күні тарихи құнды жәдігерлермен толықтырылуда.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ (фото).
Түпнұсқадағы тақырыбы:
Ерлан Қарин музейге құнды жәдігерлерді сыйға тартты