Еркеш Шәкеев пен Марат Бисенғалиевтің алғашқы альбомы жазылып бітті

Еркеш Шәкеев пен Марат Бисенғалиевтің алғашқы альбомы жазылып бітті

Қазақстандық мәдениетті халықаралық деңгейде әлемге танытқан атақты скрипкашы-виртуоз Марат Бисенғалиев пен белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің «Inception» атты неоклассика жанрындағы алғашқы альбомы жазылып бітті. Аталған альбом Лондонда аты аңызға айналған Карл Дженикстің Abbey Road студиясында жазылды. Үстіміздегі жылдың мамыр айында «Алаш айнасы» әлемге аты мәшһүр музыканттардың бірлескен жобасы туралы ақпарат берген болатын. Осыдан бірнеше ай бұрын басталған жобаның жұмыстары бүгінде қарқынды жүріп жатыр.
Альбомда Еркеш Шәкеевтің жазған композицияларын Марат Бисенғалиев және Лондонның симфониялық оркестрі орындайды. Авторлардың айтуынша, алғашқы альбом жазылып біткенімен әлі оны өңдеу, жөндеу жұмыстары да бірталай уақытты қажет етеді.
Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 12-сі күні "AIR studios" (London)" британдық студиясында Марат Бисенғалиев пен Лондонның симфониялық оркестрінің орындауында Еркеш Шәкеевтің шығармалары жазыла бастады. Альбомға Марат Бисенғалиевтің жеке орындауындағы және симфониялық оркестрге арналған 11 композиция енді. Бұл пост-продакшн альбом екі ай бойы жазылды. Альбомның саундпродюсері англиялық продюсер Александр Ван Инген. Атқарушы продюсер DECA Сlassics. Аранжировкасын жасауға Ұлыбританияның, Канаданың, Италияның мамандары тартылған болатын.
Неоклассика жанрындағы өте сұлу да, сазды музыкалық материалдар терең лирикамен астасып автордың өмірге деген философиялық көзқарасын білдіреді. Кәсіби мамандардың жазылған музыкаға қатысты айтылған алғашқы пікірлерінен-ақ альбомның қандай сұранысқа, беделге ие болатынын аңғаруға болады. Айталық, Элвис Преслиге, Рэй Чарльзға, Джо Коккерге, Клифф Ричардқа арнап музыка жазған ағылшын сазгері Гай Флетчер фантастикалық музыкаға бірден ғашық болғанын жасырмады.
Марат Бисенғалиев – есімі бүкіл әлемге мәшһүр скрипкашы. Ол әлемдік мәдениетке үлес қосқаны үшін алтын дискілерге ие болған алғашқы қазақстандық. Музыкант көптеген мемлекеттік марапаттардың иегері, ол Carnegie Hall, Lincoln Centre (New York) Wigmore Hall, Barbican Centre, Royal Albert Hall, Royal Festival Hall (London) және тағы басқа әлемдегі үздік концерт алаңдарында өнер көрсеткен. "Naxos", "Marco Polo" , "EMI" және Марат пен Sony BMG секілді атақты дыбыс жазу студияларымен бірлесе отырып, Марат өзінің біршама жинақтарын шығарды. Олар әлемдік мәдениеттің жауһарына айналды.
Еркеш Шәкеев – ақын, сазгер, көптеген әндердің авторы, 1999 жылы Австралияда өткен Оңтүстік-Тынықмұхиттық "Pacificsongcontest" халықаралық ән байқауының лауреаты (40 мемлекеттен 3000 қатысушы), "Best European Entry" британдық композиторлар мен авторлар академиясының арнайы сыйлығының иегері, "Платиналы Тарлан" сыйлығының иегері, "Жыл әні" байқауының бірнеше мәрте лауреты. 2013 жылы ЕМА 2013 байқауында Еркеш Шәкеев "Үздік композитор" атағын алған. Бұл марапатты музыкантқа аты аңызға айналған француздың шансоньесі Шарль Азнавур табыс етті.
Еркеш ШӘКЕЕВ, композитор:
– Мен ес білгелі музыка жазып келемін. Маған әуен ғарыштан келеді, мен тек сол музыканы ойнаймын. Алғашында гитараға арналған бард әндер жаздым, одан кейін попса жанрына арналған әндермен айналыстым. Ал қазір, міне, неоклассика жанрында музыка жазып жүрмін. Яғни, менің шығармашылығымды эволюция деуге болады. Мен тіпті өзімнің жазып жүрген әуендерімнің неоклассика екенін де білмеппін. Бұрын маған скрипкашылар әуен жазып бер дегенде оны қалай жазамын деп ойлаушы едім. Мені қанаттандырған Мараттың бір ауыз сөзі. Ол «скрипкаға әуен жазу тура дауысқа арнап әуен жазумен бірдей» деген болатын. Осыдан кейін мен өзімнің бұрын да классикалық шығармалар жазғанымды, қазір де жаным осы музыканы қалайтынын түсіндім. Менің музыкамды тыңдаған достарым, кәсіби композиторлар, шетелдік мамандар жоғары бағалап жататын. Алайда айтылған сөз айтылған жерде қалып, жазған әуендерімнің әлемдік деңгейге көтеріле алмағанына, тыңдарманына жете алмағанына қынжылып жүретінмін. Әсіресе, осыдан екі жылдай бұрын «Еркештің 50 хиты» атты концертімді өткізгеннен кейін мүлде ешқандай тапсырыстар қабылдамай, тек өзімнің шығармашылығыммен айналысып жүрдім. Енді міне, Марат Бисенғалевтің арқасында шығармашылығым жаңа белеске көтерілді. Марат тек ғажап скрипкашы, орындаушы ғана емес, әлемдік мәдениетте, музыкада үлкен беделге ие тұлға, іскер продюсер. Осы орайда маған үлкен қолдау білдірген Сауат Мыңбаев досыма рахметімді айтамын», – дейді Еркеш Шәкеев.

Сондай-ақ композитор өзіне, өнеріне үлкен қолдау білдіріп, демеу болып жүрген достары Батыр Қазыбаевқа, Арман Шораевқа, Арманжан Байтасовқа ерекше алғысын білдірді.
Марат Бисенғалиев пен Еркеш Шәкеев болашақта Берлиннің, Голландияның, Алматының симфониялық оркестрлерімен бірлесіп альбомдар жазбақ. Олар алдағы уақытта үлкен концерттік жобалар ұйымдастыруды да жоспарлап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста