Тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан жақында эстрадада Kalifarniya деген лақап атпен танылған Фархат Қалиевтен сұхбат алған. Көрермендерге жүргізушінің әрекеті ұнамай қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
"Мына екеуі үйленіп кетсе таңқалмаймын", "Қолынан ұстап, иығына басын қойып, намек тастап отыр", "Ерке мен Raim секілді", "Мына әйел сынып отыр", "Сен үшін деп майысып қояды", "Динара Еркенің жолын қуғанын дұрыс", "Жас жігіттерді ұнатады", — деген пікірлер көп.
Әнші репертуарындағы туындылардың сөзін де, әнін де өзі жазады.
Кейінгі кездері оның "Роза", "Доза", "Қар" деген әндері көпшілікке танымал болып, ел арасында хитқа айналды.