Өнерде жұптаса ән айтқан жұлдыздар Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәліні желі қолданушылары "үйлендіріп тастады" деп хабарлайды NUR.KZ.
Жұлдыздардың фан парақшасының бірінде екі жұлдыздың үйлену тойының шақыру билеті пайда болды. Мұны белгісіз біреулер әдейі жасап қойған тәрізді.
Естеріңізге салсақ, "Алло" әнінен кейін арада кикілжің туындаған соң, Төреғали мен Ерке бірлесе ән айтпай қойған. Араға бірнеше ай салып, өнердегі жұп сахнада қайта табысып, "Алло" әнінің жалғасы "Сәлеметсіз бе?" туындысын халыққа ұсынған. Бүгінде олар сахнада бұрынғыдай жиі көрісіп тұрмаса да, ара-тұра бірге жазылған әндерін орындап жатады.