«Еңлікгүл» екінші жылғы иегерлерін тапты

Былтыр бірінші рет Халықаралық театр күніне орай «Еңлікгүл» атты театр өнерінің кәсіби сыйлығын табыс етуді Қазақстан Театр қайраткерлері одағы қолға алған еді.
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Еңлікгүл» сыйлығының екінші жылғы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Биыл сыйлықтың номинациялар саны да, жүлде қоры мен мөлшері де біршама ұлғайыпты. Себебі биыл сахнаның сыртында жүріп те өнерге өз үлестерін қосып жүрген маман иелері ескерілген.
Сонымен ынталандыру сыйлығы бесеу болды. Олар:
1. «Жылдың үздік жарық берушісі» – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жарық берушісі Надежда Ливина;
2. «Жылдың озық музыкалық көркемдеушісі» – Астана қалалық
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының музыкалық көркемдеушісі Амантай Жұмашев;
3. «Жылдың озық театр менеджері» – Марина Белоусова (Шымкент қаласы);
4. «Жылдың озық театртанушылық мақаласы» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкері Зухра Исламбаева;
5. «Жыл драматургі» – Корей драма театрының драматургі Цой Ен Гын және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Асылбек Боранбаев.
Негізгі сыйлық иелері:
1. «Жыл театр суретшісі» – Ақтөбе облыстық қуыршақ театрының суретшісі Әсия Құрманалина;
2. «Қуыршақ театрының жыл өнерпазы» – Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының актері Ержан Бегашев;
3. «Жылдың опералық (оперетта), балеттік партиясы» – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Болат Есімханов;
4. «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» – Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының актері Владимир Сухов;
5. «Жыл режиссері» – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының режиссері Қуандық Қасымов;
6. «Жыл актрисасы» – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы Гүлшат Қыпшақова;
7. «Жыл актері» – М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Виталий Багрянцев.

Керек дерек
Бүгінде елімізде 52 мемлекеттік, оннан астам жекеменшік театр бар. Жалпы, Қазақстан бойынша театр өнеріне қызмет ететін мамандар саны 3480-нен асады екен. Еліміз театрларының тоғызы ғана Мәдениет министрлігінің құзырында болса, ал қалғандары жергілікті мәдениет мекемелеріне қарайды. Солардың басын қосатын бірден-бір ұйым – тек Театр қайраткерлері одағы. Келесі жылы осы одақтың құрылғанына 50 жыл толады екен.

Барлық жүлде иелеріне бағалы сый­лық­тармен қатар, қомақты ақшалай сый­лықтар берілді. Әрине, кімге қаншадан бе­рілгені айтылған жоқ, тек Тұңғышбай мырза «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатталған Қарағанды ака­демиялық музыкалық комедия театрының актері Владимир Суховтың қолынан қысып тұрып, көрермендерге: «Бұл кісінің театрға сіңірген 50 жылдай еңбегін ескердік. Кон­верт­те миллионға жуық қаржы бар», –  деді.
Тұңғышбай ӘЛ-ТАРАЗИ, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, ҚР Халық әртісі:
– Бүгін – театр азапкерлері үшін ерек­ше күн. Мен бұл жерде азапкер дегенді жақсы мағынасында айтып тұрмын. Расында, ұлы өнерге қызмет ету – азапты жұмыс, әрине, құдіретті де жұ­мыс. Қазақстан Театр қайраткерлері ода­ғы Халықаралық театр күнін атап өту­дің бірден-бір амалын осылай ой­лап тапты. Әзірге одақтың өз алдына ғи­мараты болмағанымен, әр облыста, республика орталықтарындағы теа­тр­лар оның рөлін атқарып тұр. «Еңлікгүл» атты театр өнерінің кәсіби сыйлығын біз былтыр бірінші рет қолға алып едік, бір жылдың өзінде кәдімгідей өсу бай­қа­лады. Былтыр бес номинация болса, биыл олардың саны – жетеу. Енді біздің бір арманымыз бар – бұл сыйлықты халықаралық деңгейге шығару. Ас­тананың Эдинбургтен не сол сияқты Қа­зақстанның Англия мен Франция, Шот­ландиядан еш жері кем емес. Ке­рісінше, болашағымыз алда, ендеше, тек алға дамуымыз керек!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста